“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ағылшын тілін бәрі үйрене алады

[Дата публикации: 21.11.2017, 15:30:26, жариялауды: Әкімшілік]

 

IMG_8714ҚМИУ қазан айынан бастап ағылшын және орыс тілдерін үйрету клубы жұмыс істейді. Бірінші, екінші және үшінші курс студенттері қатыса алады, онда айналысу тегін.

“Speaking Club” қазақ, орыс және шет тілдері кафедра оқытушылары бастамасы бойынша ашылды. Мұнда ағылшын тілінде еркін сөйлеуді қалайтындар келеді. Сабақтың тақырыбын студенттер өздері таңдайды, содан кейін оқытушылар келесі сабақ үшін тиісті материалдарды дайындап, диалогтар құрайды, түрлі жағдайлар ұсынады.

IMG_8724“Серпін” бағдарламасы бойынша Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен оқуға келген студенттер өтініші бойынша, мұнда орыс тілін үйрету курстары ұйымдастырылған. Болашақ сабақтардың тақырыптары да студенттердің қалауы бойынша таңдалады.

“Speaking Club” сабақтары жаңа ғимаратта өткізіледі:

– дүйсенбі күндері, 17.00-ден 18.00-ге дейін (ағылшын тілі) 401аудитория;

– сейсенбі күндері, 16.00-ден 17.00-ге дейін (орыс тілі) 406 аудиторияда.

Өз білімдерін жақсартуға ниет білдірушілердің барлығын шақырамыз!

IMG_8721


Просмотров: 481
21.11.2017, 15:30:26, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар