“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ САҒАТЫ

[Дата публикации: 29.11.2017, 11:58:27, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

стоп коррупция29 қарашада Қарағанды индустриялық университетінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясат аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сағаты» өтті. Оған үш жүзге жуық адам қатысты, соның ішінде 1 және 2 курс студенттері және ҚИУ профессор-оқытушы құрамы.

ҚИУ тәрбие жұмысы және жастар саясаты Департаментінің директоры Мәдина Салпенова қатысушылар алдында сөз сөйлеп, университеттің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «100 нақты қадам» ұлт Жоспары мен 2017-2018 оқу жылына арналған ҚИУ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылатынын айтты. Ол біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңыздылығын атап өтті.

Мадина Салпенова сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мен “100 нақты қадам” ұлт Жоспарындағы алға қойған мақсаттары мен міндеттері туралы мәселелерге, сондай-ақ оларды іске асыру жолдары туралы сұрақтарға толық жауап берді. Іс-шара қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтардың төзбеушілігін қалыптастыру бойынша мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру туралы әлеуметтік видеороликтер, сондай-ақ университетте жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Мен жемқорлыққа қарсымын» атты ҚИУ студенттерінің видеолары таныстырылды.

Іс-шараны қорытындылай келе, ТЖжәнеЖСД директоры ҚИУ бастапқыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тиімділігін арттыруға бағыт алғанын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталған алдын-алу жұмыстары басымдыққа айналатынын атап өтті. Сондай-ақ, тақырып бойынша іс-шараларды әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Тақырыптық сағатқа қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тағайындаған «100 нақты қадам» бағдарламасын толықтай қолдайды және оны жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

ҚИУ баспасөз-қызметі


Просмотров: 865
29.11.2017, 11:58:27, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар