ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРГЕРЛЕРІМЕН ЖИТ АУРУЫН АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
[Дата публикации: 14.10.2017, 11:47:28, жариялауды: Әкімшілік]
Бүгін 13 қазан күні ҚМИУ және ТЭК студенттерімен ЖМТС орталығы және Теміртау қ. №1 емханасының дәргерлерімен басқа жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған кезекті кездесу ұйымдастырылды.
Студенттерге арналған дәрісті орталықтың психолог маманы Елена Борисовна Старожукова және дерматовенеролог маманы Наталья Викторовна Сек оқыды. Сонымен бірге ЖИТС жұқтыру жолдары, сипаты және ауру белгілеріне қатысты арнайы медициналық сипатты ақпараттар ұсынылды.
Іс-шараның негізгі міндеті ЖИТС ауруының мәселелеріне студенттердің көңілін аудару, осы мәселеге қатысты көзқарасты өзгеру және жеке тұлғаның денсаулығына қатысты құндылықтарды қалыптастыру.
ЖИТС өзекті мәселерінің бірі, бұл эпидемияның таралуы қоғамның барлық салаларына және әрбір адамның денсаулығына ықпалын тигізеді. Қазіргі уақытта ЖИТС барлық адамзаттың жаhандық мәселелерінің бірі саналады.
Кездесу соңында университет және колледж студенттерімен ұйымдастырылған осындай кездесулердің маңыздылығы жайлы айтылды. Осындай кездесуді ұйымдастырған университет басшыларына алғыс айтылды және ақпараттық буклеттер таратылды, сонымен бірге студенттерге Теміртау қ. орналасқан ЖИТС орталығының және Кеңестік-дианостикалық тері-венерологиялық бөлімшесінің орналасқан мекен-жайы туралы ақпарат таратылды және вирус және инфекцияларды тексеру жасырын түрде жүзеге асырылатындығы туралы ескертілді.
Сонымен бірге Теміртау қаласының ЖИТС орталығы ҚМИУ шағын жылжымалы зертханасының жұмыс жасауы ұйымдастырылды. Ол жерде 5 минут уақыт ішінде атын-жөнін көрсетпей ЖИТС жылдам-тестілеуден өту ұйымдастырылды.
Біздің денсаулығымыз және ұзақ уақыт өмір сүру мүмкіндігіміз өз қолымызда. Ол үшін салауатты өмір сүруге ұмтылу керек.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің
Баспасөз қызметі
Просмотров: 651