“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ҚАМҚОР» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ ҚАЛАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК КЛУБЫ РЕТІНДЕ ТАНЫЛДЫ

[Дата публикации: 15.10.2017, 21:20:23, жариялауды: Әкімшілік]

 

IMG_4632IMG_4656IMG_4683IMG_4836

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Қамқор» еріктілер клубы қаламыздың ең үздік еріктілер ұйымы ретінде танылды. Жақында өткен Еріктілер форумында клуб жетекшісі Айгерим Абилхасымоваға қала әкімінің орынбасары Д.Ж. Есимханов Алғыс хат тапсырды.

Форум ұйымдастырушылардың пікірі бойынша ҚМИУ студенттері Теміртау қаласында еріктілер қозғалысын дамыту  бағытында өздерінің белсенділігін танытуда. Университет еріктілері «Айналайын» балалар үйі, Жасөспірімдердің бейімделу орталығы, Мейірімділік үйінің тұрғындарына арналған қайырымдылық іс-шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді, сонымен бірге әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы балаларға көмек ретінде ұйымдастырылатын «Мектепке баратын жол» акциясына да қатысады.

4 жыл бойы «Қамқор» клубы 4 курс студенті Айгерим Абилхасымованың жетекшілігімен жұмыс жасап келеді, ол барлық қайырымдылық шараларына қатысты іс шараларға белсене қатысуға ұйым еріктілермен бірге жұмыс жасайды, сондықтан ол үшін қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталуы толық күтпеген жағдай болды.

Бүгінгі күні «Қамқор» клубында 40 астам біздің университетіміздің студенттері қайрымдылық істермен айналысады. Ерікті болу дегеніміз, ол құрмет!

IMG_4741IMG_4878IMG_4934IMG_4946

ҚМИУ Баспасөз қызметі

 

 

 


Просмотров: 541
15.10.2017, 21:20:23, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар