ҚМИУ ЭРАЗМУС+ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
[Дата публикации: 05.10.2017, 15:39:58, жариялауды: Әкімшілік]
4 қазанда Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық Кеңсесінің үйлестірушісі – Шайзада Умурзаковна Тасбулатова Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ПОҚ, магистранттары және студенттеріне арналған «Ақпараттылықты сессия» атты семинар өткізді, бұл семинардың мақсаты Эразмус+ бағдарламасының мазмұны, мақсаты және бағдарламаның: «Жоғары білімдегі мүмкіндіктерді арттыру» (ЖБМА), «Эразмус Мундус магистерлік дәрежесі», «Жан Моне» және «Халықаралық кредитті ұтқырлық» (ХКҰ) компоненттері бойынша іс-шараларға қатысуға арналған шарттармен таныстыру.
Эразмус+ – 2014 жыл мен 2020 жыл аралығындағы Еуропалық Одақтағы салыстырмалы жаңа бағдарлама, білім, оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы жобалар, ынтымақтастық, академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған.
Осы семинардың мақсаты Эразмус+ бағдарламасының жобаларында ҚМИУ ПОҚ, қызметкерлері, магистранттары, студенттерінің қатысуына арналған мүмкіндіктерді арттыруды қолдау.
Семинарға қатысушылар Эразмус+ бағдарламасының мақсаты және жобаларымен, өтінім беру ережелері және шарттарымен, ұлттық басымдылықтармен танысты, жобалық ұсынысты әзірлеу барысындағы іс-қимылдар мазмұнын және алгоритмдерін талқылады, жобаларды әзірлеу бойынша практикалық ұсыныстармен танысты.
Кездесу өте жақсы достық атмосферасында өтті. Ш. Тасбулатова академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға қатысты оқытушылар және студенттердің қызығушылық және мотивациялықты деңгейінің жоғары дәрежеде екендігін атап өтті, семинарды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің
Баспасөз қызметі
Просмотров: 433