“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 20.10.2017, 18:24:14, жариялауды: Әкімшілік]

 

IMG_68102017 жылы 20 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің базасында Теміртау қ. әйелдерінің мүмкіндігі және құқықтарын кеңейту және гендерлік теңдік мәселелері бойынша және 2016 жылы Мемлекет Басшысы қол қойған гендерлік саясаттың жаңа Тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қызметкерлерге және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдеріне арналған оқу-әдістемелік курсы өткізілді. Курсқа 25 адам қатысты.

Қазақстан  Республикасының гендерлік саясатының жаңа Тұжырымдамасын түсіндіру іс-шараның негізгі міндеті.

IMG_6823Тренинг жаттықтырушылары ретінде «Озарение»ҚҚ президенті, психология және медиация бойынша жаттықтырушы Татьяна Савицкая және экономикалық ғылымдар докторы, экономика, маркенинг және менеджмент бойынша халықаралық жаттықтырушы Елена Петренко қатысты.

Қатысушылар отбасы институтын нығайту, отбасылық қарым-қатынастағы және отбасынан тыс салалардағы әйел және ер адамның атқаратын рөлі, шешімді қабылдау процесінде барлық азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығы, оның ішінде мемлекеттік қызмет рөлі жайлы мәселелер талқыланды. Жаттықтырушылар тұсаукесерлі материалдарды ұсынды, осы материалдарда нақты мәселелер, қайта құрусыз қабылданған жаңа бағыттар, уақыт талабына сәйкес бағдарламаны жүзеге асыру, әртүрлі шараларды жүзеге асыру жағдайлары қарастырылды.

IMG_6837Жаттықтырушылар уақыт талаптарына жауап беретін өздерінің кешенді бағдарламаларды және жобаларды әзірлеуге қатысты тәжірибелерімен бөлісті. «Рухани жанғыру» бағдарламасының негізгі міндеттері қарастырылды, осы бағдарлама мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жұмысты жүйелендіруге және азаматтардың өмір сүру дәрежесін жоғарлатуға бағытталған барлық бағдарламаларға қатысты кешенді тәсілдерді әзірлеуге көмектесетіндігі аталып өтілді. Қатысушыларға осы жобаны түсіндіруге және жүзеге асыруға қатысты көмек көрсету ұсынылды.

IMG_6846Семинар соңында қатысушылар Тұжырымдаманы және бағдарламаларды әзірлеуге қатысты түсіндіру жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны жайлы айтылды. Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты бағдарламасында, діни және мәдениеттік ерекшеліктерге қатысты қажетті және жүйелі бағытта, барлық ұлттық және халықаралық деңгейде осы саладағы гендерлік теңдікті жүзеге асыру тәжірибелері ескерілген. Қазақстанда жүзеге асырылатын гендерлік саясат еліміздің ішкі құрамдас саясатының қағидаларына негізделген және ұлттық келісім және бірлікті нығайтуға бағытталған.

 

ҚМИУ Баспасөз қызметі


Просмотров: 395
20.10.2017, 18:24:14, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар