“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МҰҒАЛІМДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.

[Дата публикации: 07.10.2017, 15:27:32, жариялауды: Әкімшілік]

 

IMG_5410 IMG_5416 IMG_5431 IMG_5471

Халықаралық Мұғалімдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Іс-шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтар Елбасының серіктестері Омашев Қуаныш Омашұлы, Искаков Тохтархан Ыбырайұлы, Тулеубаев Ермек Ыбраилұлы және қаламыздың білім беру бөлімінің басшысы Ашим Есентай Мұқатайұлы қатысты.

ҚМИУ ректоры Бахыт Ахатұлы Жаутиков оқытушыларды кәсіби мереке күнімен құттықтады. Ол ПОҚ барлығына алғысын білдіріп, ҚМИУ ПОҚ әрі қарай жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіне олар өздерінің үлесін қосумен бірге өздерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге өз білімдерімен күш-қайраттарын жұмсайды деп атап өтті. Сонымен қатар университетте 12 техника ғылымдарының кандидаттары және докторлары және PhD докторлары да еңбек етеді, осы күні ПОҚ ғылыми дәрежелі мамандармен толықтыру 15% жоғарлады.

Бахыт Ахатұлы жоғарғы білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамтотасымен «Экономика және құрлысы» факультетінің деканының орынбасары Капашева  Жания Кудайбергеновна, ТЭК директорының орынбасары Акишев Талгат Кымбатович, «Металлургия және материалтану» кафедрасының аға оқтыушысы Харченко Елене Михайловна, «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы Сиверская Татьяна Ивановнаны және БҒМ Алғыс хатымен «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» департаментінің директоры Мадина Мейрамовна Салпенованы марапаттады.

Сонымен бірге ҚМИУ ректоры жас оқытушылар Александр Панин және Балжан Калданованы PhD докторы ғылыми атақты алуларымен құттықтады.

Комбинат ардагері К.О. Омашев барлық ұстаздарды мерекелерімен құттықтады, еліміздің болашақта дамуына үлес қосатын жас  ұрпақты оқыту және тәрибелеуге арналған еңбектеріне табыс тіледі. Сонымен қатар студенттер арасындағы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған байқау жеңілпаздарын құттықтап, оларға ҚР БҒМ грамоталарын тапсырды. Қаламыздың білім беру бөлімінің басшысы Е.М. Ашим университет ұстаздарын мерекелерімен құттықтады және Республикалық олимпиада бірінші орын алған студенттерге  сыйлықтар мен грамоталар тапсырды.

ҚМИУ кәсіполақ комитетінің төрайымы Айжан Рыскельдиновна Карипбаева ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, Облыстық білім беру саласының қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының атынан ҚМИУ ұстаздары Людмила Ивановна Кукало, Раиса Касымовне Колесникова және Нурбану Мнажитовна Омароваға Құрмет грамоталарын тапсырды.

Салтанатты жиын соңында ҚМИУ және Теміртау қаласының өнерпаздары дайындаған үлкен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

 IMG_5561 IMG_5524 IMG_5431 IMG_5440

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің

 Баспасөз қызметі


Просмотров: 470
07.10.2017, 15:27:32, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар