ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНРВЕРСИТЕТІ ЖӘНЕ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА-АРНАЙЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕЛЕКӨПІР
[Дата публикации: 20.10.2017, 18:20:38, жариялауды: Әкімшілік]
ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде келісілген халықаралық ынтымақтастық келісім шарттарының нәтижесі ретінде 2017 жылы 19 қазан күні Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында РҒА В.И. Вернадский атындағы мемлекеттік геологиялық мұражай базасында Жоғары оқу орындарының академиялық навигация орталығының платформасында телекөпір ұйымдастырылды. Бұл телекөпір Ресей мемлекетінде аталып өтіп жатқан Экология жылына арналды. Телекөпір «тікелей қосылу» (online) тәртібінде біруақытта қазақстандық және ресейлік жоғары және орта-арнайы оқу орындарының студенттері қатысты.
Осы кездесу форматында: студенттер профессор Г.Б. Наумовтың «Біз өмір сүретін биосфера» атты дәрісін тыңдады. Телекөпір жұмысына Ася Владимировна Титова – т.ғ.д., профессор РҒА МГМ даму жөніндегі директорының орынбасары; Юрий Николаевич Малышев – РҒА МГМ Президенті, РҒА академигі, Тау-кен ғылымдар Академиясының Президенті және Олег Николаевич Сосковец – РФ Қаржы-өндірістік топтар қауысдастығының Президенті, Ресейлік тауар өндірушілер Одағының Президенті, Тау-кен ғылымдар Академиясының Вице-президенті қатысты. Осы телекөпір барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және энергияны үнемдеу экономикасына көшу мәселеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Телекөпірге 18 жоғарғы оқу орындарының студенттері, оқытушылары қатысты, оның ішінде: И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ; «МБжҚИ» ҒЗТУ; Белоруссия мемлекеттік технологиялық университеті; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті; Т.Ф. Горбачёв атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті; Кемеров тау-кен техникалық техникум; М. В. Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктикалық) федералды университеті; Алдан политехникалық техникумы; Тау-кен-геологиялық техникум, Бодайбин тау-кен техникумы; академик М.Д. Миллионщиков атындағы Грозненді мемлекеттік мұнай техникалық университеті; Нижегород мемлекеттік архитектуралық-құрылыс университеті; Альметьев мемлекеттік мұнай институты және Қазан федералды университеті.
Телекөпір жұмысын қортындылай отырып, қазақстандық және ресейлік қатысушылардың барлығы осындай кездесулер түрі өте пайдалы және бірлі ақпараттық кеңестікті кеңейтуге және нығайтуға ықпал етеді деп атап өтті.
ҚМИУ Баспасөз қызметі
Просмотров: 421