“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА

[Дата публикации: 24.10.2017, 12:52:37, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

2017 жылдың 21 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің  студенттері Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында «Адасқандар» («Заблудшие»), спектаклін тамашалады. Бұл спектакль толеранттылық, этникалық және конфессиялық келісім, сонымен бірге терроризм және діни экстремизм мәселелеріне арналған.

Қойылым жанры – драма, театр актерлары сахнада сомдаған көріністер драмалық сюжетті және көрермендер көңілінен шықты.

Драматург Кеңес Жумабековтің пьесасы радикалды діни идеологияның кері ықпалы суреттелген. Бұл қойылым сириялық жалдамалар қатарындағы біздің отандастарымыздың тағдыры жайлы. Пьесаның басты кейіпкерлері – қазақстандық жас отбасы. Әкесі мен анасы Сирияда өлген балаға отанына қайтып келуге қазақстандық барлаушылар көмектеседі.

Театр залы көрермендерге толы болды және актерлердің ойынына ыстық қошемет көрсетілді. Балалар үлкен ғанибет алды және білімдерін толықтырды. Барлық қазақстандықтар сияқты біздің балалар бейбітшілікте өмір сүруді қолдайды, олардың үйлеріне жат діни уағыздар қажет емес….

«Қазіргі уақытта терроризм мәселесі өзекті. Бұл спектаклді барлық жастар көрулері керек, өйткені олар жат дін ағымдарының өкілдерінің алдауына түсір қалуы мүмкін. Жастар әрқашан жақсы өмір сүру жолдарын іздейді, бірақта «жылдам» ақша зұлымдық жолымен келуі мүмкін. Бұл жол ешқайда апармайды», – деп атап өтті «Экономика және құрылыс» факультетінің деканының орынбасары Жания Кудайбергеновна Капашева.

Бұл іс-шара ҚМИУ студенттері үшін тұрақты негізде жүзеге асырылады.

 ҚМИУ Баспасөз қызметі

IMG-20171021-WA0042 (1)


Просмотров: 495
24.10.2017, 12:52:37, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар