“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 18.10.2017, 18:11:59, жариялауды: Әкімшілік]

 

IMG-20171018-WA0011 IMG-20171018-WA0009 IMG-20171018-WA0008 IMG-20171018-WA0015

18.10.2017 жылы Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында Теміртау қаласының өлкетану мұражайында «Серпін -2050» бағдарламасы бойынша оқитын бірінші курс студенттеріне арналған  діни конфессия өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыбы: «Дінді жамылған терроризм». Бүгінгі күні осы тақырып өзекті, бұл жайлы көп жазылады және айтылады. Терроризм мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына, мемлекеттік территорияның тұтастығының сақталуына, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, сонымен бірге халықаралық бейбітшілікке және қауіпсіздікке қауіп тудырады.

Кездесу жоғары деңгейде өткізілді, христиан шіркеуінің өкілі Николай әкей және имам Ы. Р. Абрахманов, сонымен бірге Теміртау қаласының Конфенсиялық қатынастарды зерттеу орталығының директоры  Д.Ш. Канаев қатысты. Олар студенттерге терроризм және оның көріністері туралы айтты. Негізгі мәселе діни экстремизм және онымен күресу жолдары, біріншіден, ислам дінін дұрыс түсіну мәселелері талқыланды. «Дінтау» пәні бойынша күрделі мәселелер, рухани-адамгершілік тәрибесіне қатысты мәселелер жайлы әртүрлі пікірлер тыңдалды және талқыланды.

Діни ағымдар өкілдерінің студенттерге түсіндірген негізгі идеялары, сен қандай ұлттың өкілісің және қандай діни сенімге сенетіндігің маңызды емес, барлығымыз Құдайдың алдында бірдейміз және барлығымызға бірдей қауіп төніп тұрғанын түсіну қажеттігін жеткізді. Іс-шара соңында терроризм – бейбітшілік және еліміздің тұрақтылығына қауіпті екендігін, бірақта оның алдын алу және күресу біздің қолымыздан келеді деген ортақ тұжырым жасалды.

IMG-20171017-WA0047 IMG-20171017-WA0044 IMG-20171017-WA0041 IMG-20171017-WA0046

ҚМИУ Баспасөз қызметі

 

 


Просмотров: 490
18.10.2017, 18:11:59, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар