Көшбасшылар семинары
[Дата публикации: 28.10.2017, 14:34:10, жариялауды: Әкімшілік]
Қазан айының 24-25 күні Ақмола облысы “Discovery-Бурабай” лагерінде “Мәңгілік ел жастары – индустрияға!”-“Серпін” әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың Республикалық көшбасшылар лагері өткен болатын. Осы шараға университеттің Карибжан Мадияр мен Тұрсынбек Сүндет қатысты. Шараны ұйымдастырушы “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ.
Шараның басты мақсаты-жоба аясында білім алып жатқан жас көшбасшылардың интелектуалдық және рухани көшбасшылық туын ұстаушыларға арнап оқыту пікірталас алаңын қалыптастыру. Жастардың мәдени кодын сәйкестендіру қоғамға қызмет пен сананы жаңғырту құндылықтарын нығайту, әлемдік әлеуметтік жауапкершілікті,жауапты белсенділікті, көшбасшылықты инновациялық ойлауды,жасампаздық пен кәсіпкерлік құзыреттілікті дамыту.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 456