“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ПРОФЕССОРЛАРЫ ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 05.10.2017, 22:45:48, жариялауды: Әкімшілік]

 

DSC_5819Сонымен қатар Б. Жаутиков, жоғары берікті арматуралы профилдерді таптаудың жаңа технологиясына арналған жоба жөнінде, осы жаңа технологияны жүзеге асыру кезіндегі экономикалық тиімділік, өндірісте қолданылатын Ат-IV(А600) берікті сыныпты Ст5 көміртекті болатты арматуралы профилді өндіруге қатысты, төмен легірл 2017 жылдың 5 қазан күні ҚМИУ делегациясы ҚМИУ ректоры – Бахыт Ахатұлы  Жаутиковтың басшылығымен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошановтың төрағалығымен өткен облыстың бірінші ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысына қатысты.

Кездесуде екі мәселе қарастырылды: білім, ғылым және бизнестің өзара байланысын, Халықаралық ЭКСПО көрмесінің инновациялық технологияларын жүзеге асыру. Сонымен күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі бизнес және ғылымның өзара іс-әрекеттерін жүзеге асыру жан-жақты талқыланды. Екі жақтың мүддесінің ортақ болуына қарамастан, кейбір жағдайда ғылым мен бизнес бір бірінен жеке даму үстінде деп атап өтті ғалымдар.

Б.А. Жаутиков өзінің баяндамасында, Қазақстан Республиксының барлық экономикалық даму деңгейінде ғылым мен бизнес өзара бірлесіп жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бер екендігін, оның ішінде: «Кәсіпорындармен өзара бірлесіп жұмыс жасау барысында өндірістегі кафедралар бөлімшелері тиімді жұмыс жасау үстінде, кәсіпорындар өндірістік практикаларды өткізуге арналған материалды-техникалық базаларды ұсынады, білімдік бағдарламаларды жетілдіру жұмыстарына қатысады. Түлектердің дипломдық жұмыстары және магистрлік диссетрациялар тақырыптары өндірістік  мәселелерді шешуге арналған инновациялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған.DSC_5855

ҚМИУ ғалымдарының ғылыми зерттеулері қолданыстағы өндірісті оңтайлауға және жаңа жабдықтарды, технологияларды жасауға арналған.

DSC_5864Ғылым және өндірістің өзара бірлесіп жұмыс жасауын жақстару үшін қажетті:

– «кәсіпоры-ЖОО» консорциумда жоғарғы оқу орындарының ғылыми зерттеулерін бағыттау мақсатында Әкімшіліктің қолдауымен өндірістік кәсіпорындармен бірге «шектелген аумақты» базаны қалыптастыру;

– қолданыстағы өндіріс жағдайында әзірлемелерді сынақта өткізу үшін жаңа технологияларды әзірлеу кезеңінде кәсіпорындардың қатысуын жүзеге асыру;

– университет ғалымдарын кәсіпорынның ғылыми-техникалық кеңесінің отырыстарына шақыру;

– кәсіпорындарға  қажетті мамандарды мақсатты дайындау мәселелерін жүзеге асыру қажет» – деді Бахыт Ахатұлы.

енген қымбат стали 35ГС болатты ұсынылған болат маркасымен ауыстыру тиімді және оның техника-экономикалық дәйкектемесі осы жобада толық ұсынылғанын атап өтті.

 Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошанов облыстық ғылыми-техникалық кеңес отырысын қортындылай отырып, осындай отырыстар тұрақты түрде үш айда бір рет өткізілетінін атап өтті.

 

 

 

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің

Баспасөз қызметі


Просмотров: 444
05.10.2017, 22:45:48, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар