ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ЖАЛПЫ БІЛІМДІК КЕҢЕСТІКТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ФАКТОР РЕТІНДЕ
[Дата публикации: 05.10.2017, 17:03:43, жариялауды: Әкімшілік]
4 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Топырақтар, табандар және іргетастар механикасы» мамандығы бойынша PhD докторы, «Кәсіпкерлік және инновациялық даму» орталығының директоры, Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректорының ғылым жөніндегі кеңесшісі – Талал Аввад және PhD докторы, Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ЕНУ-Lab ғылыми-өндірістік орталығының директоры – Рауан Ермагамбетович Лукпановпен кездесу ұйымдастырылды.
Бұл кездесу жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (Теміртау қ.) мен Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразиялық ұлттық университеті (Астана қ.) арасында «Құрылыс» мамандығы бойынша жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар және мамандарды дайындау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты PhD докторы Талал Аввад «Күрделі инженерлі-геологиялық жағдайда үшөсті түрдегі стабилометрде зерттеулерді орындау ерекшеліктері» тақырыбына арналған дәрісті оқуды және PhD докторы Рауан Ермагамбетович Лукпановпен бірге эксперименттерді орындауды жүзеге асыру.
Кездесуге Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Алтын Аманжоловна Айкеева, «Экономика және құрылыс» факультетінің деканы Ольга Викторовна Силаева, «Құрылыс» кафедрасының меңгерушісі Бауржан Ануарханович Базаров, «Құрылыс» кафедрасының оқытушылары, магистранттары, студенттері және осы мамандық бойынша болашақ докторлар қатысты.
Кездесу нәтижелері бойынша ынтымақтастық байланыстар орнатылды, қызықты ақпараттар жинақталды, жоғары оқу орындары және өңірлер арасындағы ынтымақтастықтың басымды бағыттары анықталды, 2017-2018 оқу жылына арналған бірге орындалатын зерттеу жұмыстарының және жүзеге асырылатын негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің
Баспасөз қызметі
Просмотров: 443