“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ «ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ» АПҰ ҚҰРАМЫНДА «ҮЗДІК АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

[Дата публикации: 27.10.2017, 19:14:55, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

 

38561-6-v_karagandinskoi_oblas_ru

2017 жылы 26 қазан күні ҚМИУ «Мәдениет сарайы» алғашқы партия ұйымының құрамында «Үздік алғашқы партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде 1 орынды жеңіп алды. Ұйымның төрағасы ҚМИУ ректоры Жаутиков Бақыт Ахатұлы.

Осы байқау жергілікті орындарда алғашқы партия ұйымының қызметін белсендіру және ынталандыру, алғашқы ұйымдардың партиялық, әлеуметтік жүмысын жүзеге асырудағы үздік тәжірибені кеңінен таратуды қамтамасыз етуге бағытталған.

IMG_029531 «алғашқы» ұйымдар облыстық турдың екінші кезеңіне қатысты. Байқауға қатысушылар комиссия мүшелеріне алғашқы партия ұйымының жұмысы жайлы бейнелі тұсаукесер ұсынылды. Әрбір «алғашқылар» партиялық жобаларға, партия ішіндегі жұмысқа қатысу, азаматты бастамаларды қолдау, алғашқы партия ұйымының жұмысы жайлы бұқаралық апқараттық құралдарда жариялану, жастармен жұмыс жасау, алғашқы ұйым жетекшісінің жұмысы бағаланды.

Салтанатты іс-шаралар барысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова алғашқы партия ұйымы партияның негізгі тірегі деп атап, «Алғашқы партия ұйымы партиялық жоба арқылы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Біз сіздермен тұтас механизмі ретінде Мемлекет Көшбасшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған міндеттерді жүзеге асыруымыз керек».

Байқау қортындысы бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті «Қалалық мәдениет саарйы» алғашқы партия ұйымының құрамында өңірлік турдың жеңілпазы ретінде 1 дәрежелі дипломмен марапатталды және «Үздік алғашқы партия ұйымы» республикалық байқаудың финалына қатысады.

профсоюз 2

профсоюз 1

 ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 677
27.10.2017, 19:14:55, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар