ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «TWERD» ЭЛЕКТРЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ
[Дата публикации: 14.09.2017, 18:14:20, жариялауды: Әкімшілік]
Ағымды жылдың 8 қыркүйік күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде өзара тиімді ашық халықаралық ынтымақтастықты ғылыми-зерттеу қызметінің «Күшті электроника» және «Энергияның альтернативті негізі» бағыттын дамыту мақсатында шетелдік «TWERD» электрэнергетикалық кәсіпорнының өкілі Михал Твердпен (Польша Республикасы) кездесу өтті.
Компанияның негізгі қызметі өнеркәсіптің әртүрлі салаларына (шахталар, тау-кен металлургиялық өндірісі, желдеткіштер, пайдалы кенді қазу, кемежасау және т.б.) арналған кез келген қуатты электрқозғалтқыштарға арналған жиілікті түрлендіргіштерді өндіру және тұтынушыларға ұсыну саналады. Сонымен бірге компания альтернативті энергетика саласында қолданылатын инверторларды өндіреді.
«TWERD» кәсіпорны Украина, Белоруссия, Ресей, Қытай және Филиппин елдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Іс-шара шеңберінде кездесуге ҚМИУ профессорлық-оқытушылар құрамы және Теміртау қаласының энергетикалық өнеркәсіпті кәсіпорындарының өкілдері: Кузнецов В.К. – «ТЭМ» ЖШС аға инженер-реттеушісі; Мескудин С.А. – «ТЭМ» ЖШС реттеуші- технигі; Кузнецов В.А. – “АрселорМиттал Теміртау” АҚ ТПАБЖ электрмонтері; Воробьев Д.И. – “АрселорМиттал Теміртау” АҚ ТПАБЖ электрмонтері; Варзин Д.И. -“АрселорМиттал Теміртау” АҚ 1-ТТЦ ЖМЗ ЖЖКЦ электрмонтері; Старцев М.Ю. – «АРТИС ТЭК» ЖШС директоры; Назаров А.Г. – АрселорМиттал Теміртау” АҚ 3-ТТЦ ТЦ ЖЖКЦ электрмонтері; Захаров С.П. – «РВСА» ЖШС инженер – электригі; Виноградов А.А. – «РВСА» ЖШС инженер –реттеушісі қатысты.
Қонақ ҚМИУ мұражайын аралады, 2017 жыл ҚМИУ үшін айтулы жыл саналады: Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және 1967 жылғы түлектердің жоғарғы оқу орнын бітірулеріне 50 жыл толған мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған көрмемен танысты.
Сонымен бірге «TWERD» кәсіпорнының басшылары үшін университеттің материалды-техникалық базасы бойынша таныстыру саяхаты ұйымдастырылды. Танысу барысында автоматтандырылған электржетектер зертханасы, автоматтандырудың техникалы құралдар зертханасы, «Электронды микроскопия және нанотехнологиялар» инженерлік бейінді зертхана және металлургия орталығының тәжірибелі-өндірісті алаңының жұмысымен таныстырылды.
Қазіргі жағдайда қазақстандық қоғамның техника, ғылым және білім саласындағы және әлеуметтік-экономикалық салалардағы озық даму көп аспектілі интеграциялық үрдістердің және халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі және кеңейуімен тығыз байланысты. Осы үрдістердің және халықаралық байланыстардың жемісті дамуына білім және ғылым, техниканың болашағының дамуы тәуелді, осы шаралар ғылыми зерттеулер, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға, сонымен бірге халықаралық деңгейде бірлескен күшпен технологиялық мәселелерді шешуге бағытталған.
Кездесу нәтижесі бойынша ынтымақтастық жайлы меморандум бекітілді және 2018 – 2020 жылдарға арналған ҚР БҒМ Ғылым комитетінің грантты қаржыландыру бағдарламасына қатысты өтінімдерді дайындау жүзеге асырылды.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің
Баспасөз қызметі
Просмотров: 465