“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ЖІК жаңа төрағасы және мүшелері сайланды

[Дата публикации: 20.09.2017, 17:52:05, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

IMG_430419 қыркүйік күні ҚМИУ жалпы университеттік студенттер белсенділерінің жиыны өткізілді, жиын барысында Жастар ісі жөніндегі комитет (ЖІК) мүшелері сайланды.

Жастар саясаты саласындағы Жастар ісі жөніндегі комитеттің стратегиялық мақсаты – жастармен жұмыс жасауға бағытталған заманауи технологиялар негізінде  тәрбиелеу үрдісінің жағдайларын, сонымен бірге студент жастардың толық қанды дамуын және жеке тұлға ретінде өдерінің қабілеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

IMG_4386ЖІК отырыстарында университетте жүзеге асырылатын жастар саясатына қатысты барлық мәселелер қарастырылады, сонымен бірге Жастар комитетінің секторларының баяндамалары, есептері тыңдалады және талқыланады.

Жиында ЖІК төрағасы ретінде 3 курстың, МЖ-15қ тобының студенті Карибжан Мадияр сайланды, оның студенттердің өзін-өздері басқару саласында тәжірибесі бар, екі рет Республикалық көшбасшылар мектебінде оқудан өтті.

IMG_4385ҚМИУ ЖІК құрамында 5 сектор жұмыс жасайды:

«Студенттер Жаршысы» Баспасөз орталығы: университетте, факультеттерде өткізілген барлық іс-шаралар жайлы мақалалар университеттің «Студенттер Жаршысы» газеті және басқада басылымдарда жарияланады, осы сектор қалалық БАҚ тығыз байланыста жұмыс жасайды, барлық жастарға арналған іс-шаралар  баспасөз бетінде жарияланады. Осы сектордың жұмыс жасауына мына студенттер өз үлестерін қосуда: Бирюкова Екатерина (ЕжА-15 тобы), Кульжамбекова Карина (ЕжА-16 тобы) және Есимханова Айдын (ЭЭ-15қ тобы). 

Спорт секторы жеке тұлғаның денсаулығын шынықтыруға және салауатты өмір сүруіне бағытталған спорттық шараларды өткізеді. Сектор жетекшілері: Журсимбаев Ислам және Едигеев Айболат. 

Мәдени-бұқаралық сектор, университеттің шығармашылық ұжымдарының, КВН жұмыстарын дамытуға, студенттердің бос уақыттарын ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады. Сектор жетекшілері: Силаева Татьяна (ЕжА-15 тобы), Сопбек Шамши (ККТжТ-15қ тобы) және Ким Вячеслав (МЖ-16 тобы).

IMG_4369Жеке тұлғаны зияткерлікті дамыту секторы, қоғамдық-саяси жұмыстарды, «Не? Қайда? Қашан?» клубының және пікірталас клубының жұмыстарын ұйымдастырады. Пікірталас клубының құрамында осы саланың майталмандары Байсал Ержан (ККТжТ-15қ) тобы, Базаров Адиль (Қ-15 тобы) және  Ким Василий (ЕТБҚ-15 тобы) жұмыс жасайды. Ағымды жылда сектор құрамында пікірсайыс клубы жұмыс жасайтын болады, клуб жетекшісі 2 курс студенті Бигалиулы Талант.

“Қамқор” еріктілер орталығы, балалар үйлері және Мейірімділік үйлерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды, қайрымдылық акцияларын ұйымдастырады, сектор жетекшілері: Абилхасымова Айгерим (ОЗХТ-14 тобы), Кожагельдинова Назерке және  Кошербаева Жадыра (ЭЭ-17қ тобы).

Сонымен бірге ҚМИУ жанындағы техника-экономикалық колледжінің ЖІК төрайымы болып 2 курса студенті Аюкаева Надежда сайланды.

Курстар Сардарлары: 1 курс – Саттаров Бекболат, 2 курса – Тогызбаев Омирхан, 3 курса – Толеген Мерей.

Жатақханада тұратын студенттердің мәселелерін шешуге арналған студенттер кеңесінің төрағалары ретінде: №1 жатақхана Тогызбаев Омирхан. №2 жатақхана бойынша  бойынша 3 курс  М-15қ тобының студенті Исаев Мухтар сайланды.

ЖІК мүшелерінің жиыны барысында оқу жылының 1 семестріне арналған іс-шаралар жоспары талқыланды. Біздің студенттер үшін қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады.

Назар аударыңыздар! Біздің көшбасшылар өздеріне көмекшілер іздейді! Егер сен жоғарыда аталған қоғамдық қызметтің қандай бір саласында өзіңді көрсеткің келсе және белсенді өмірлік ұстанымыңды және талантыңды жүзеге асырғың келсе, бізге қосыл, бірге жұмыс жасаймыз!

Студенттердің өзін-өздері басқару ұйымы тек ғана университеттің студенттерін басқаруды ғана қолға алмайды, сонымен бірге оның жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысады.

 

 Екатерина Бирюкова

«Студенттер Жаршысы» Баспасөз орталығының жетекшісі


Просмотров: 714
20.09.2017, 17:52:05, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар