ҚМИУ АДАМДЫ ҚҰЛДЫҚҚА САТУ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
[Дата публикации: 18.09.2017, 15:37:50, жариялауды: Әкімшілік]
2017 жылдың 15 қыркүйік күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде құқық қорғау органдары және «Қайсар» қоғамдық қорының өкілдерінің қатысуымен университеттің және Техника-экономикалық колледждің бірінші курс студенттеріне арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және профилактикалық шаралар және адамды құлдыққа сату мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 17 бабының 2 тармағына сәйкес: «Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды» (1995 жыл 30 тамыз).
Семинар шеңберінде «Қайсар» қоғамдық қорының төрайымы Оксана Тарабукина және әйелдерді қорғау тобының инспекторы, Теміртау қ. ІІБ полиция майоры Зарина Бейшебекова және сөз сөйледі.
Полиция майоры Зарина Бейшебекова студенттерге семинарға қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және субъектілер жүзеге асыратын отбасылық-тұрмыстық саладағы азамат және адам құқығын және бостандығын қорғайтын конституциялық құқықтарды қорғауға бағытталған профилактикалық шаралар кешені құқықты, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру шаралары, сонымен бірге осы жағдайдың қалыптасу себептері және оны жоюға бағытталған шаралар, егер осындай жағдай туындаған кезде не істеу керек және кімнен көмек сұрау қажет екендігі жайлы түсіндірді.
«Қайсар» қоғамдық қорының төрайымы Оксана Тарабукина қыз балалардың жыныстық құлдыққа тартылуы жайлы жолдардан сақтану тәсілдерін түсіндірді.
Семинар барысында қатысушыларға тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алуға және адамды құлдыққа сату жайлы ақпараттық білімдік материалдар, сонымен қатар семинарды ұйымдастырушылар жайлы ақпараттық кітапшалар таратылды.
Осындай бағыттағы іс-шаралар біздің университетімізде тұрақты негізде және біздің Теміртау қаласының ІІБ және «Қайсар» қоғамдық қорымен ынтымақтастығымыз жүйелі сипатта жүзеге асырылп келеді.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің
Баспасөз қызметі
Просмотров: 473