ҚМИУ «ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТҰРМЫСТА ЖӘБІРЛЕНУІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
[Дата публикации: 15.09.2017, 18:30:45, жариялауды: Әкімшілік]
2017 жылдың 13 қыркүйік күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде құқық қорғау органдары және «Қайсар» қоғамдық қорының өкілдерінің қатысуымен академиялық топтар кураторларына арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және профилактикалық шаралар және адамды құлдыққа сату мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Семинар шеңберінде Теміртау қ. ІІБ полиция майоры Зарина Бейшебекова және «Қайсар» қоғамдық қорының төрайымы Оксана Тарабукина сөз сөйледі.
Полиция майоры Зарина Бейшебекова түсінікті тілде семинар қатысушыларына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және субъектілер жүзеге асыратын отбасылық-тұрмыстық саладағы азамат және адам құқығын және бостандығын қорғайтын конституциялық құқықтарды қорғауға бағытталған профилактикалық шаралар кешені құқықты, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру шаралары, сонымен бірге осы жағдайдың қалыптасу себептері және оны жоюға бағытталған шаралар, егер осындай жағдай туындаған кезде не істеу керек және кімненн көмек сұрау қажет екендігі жайлы түсіндірді. Сонымен қатар жоғарыда айтылғандардан басқа қатысушылар отбасылық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге арналған орталықтың жұмыс жасайтындығы, ол жерде келушілерге тегін психологиялық көмек көрсетілетіндігі және құқықтық мәселелер бойынша кеңес берілетіндігі жайлы білді.
Семинар барысында қатысушыларға тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алуға және адамды құлдыққа сату жайлы ақпараттық білімдік материалдар, сонымен қатар семинарды ұйымдастырушылар жайлы ақпараттық кітапшалар таратылды.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің
Баспасөз қызметі
Просмотров: 475