“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ЕЛБАСЫНЫҢ ТАРИХИ ЖОБАЛАРЫ МЕН БАСТАМАЛАРЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

[Дата публикации: 12.09.2017, 18:05:22, жариялауды: Әкімшілік]

 

«ЕЛБАСЫНЫҢ ТАРИХИ ЖОБАЛАРЫ МЕН БАСТАМАЛАРЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1.   «Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары» атты ғылыми жобалар байқауының (әрі қарай «Байқау») ұйымдастырушылары Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы.

1.2.   Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын насихаттауға бағытталған студенттердің ғылыми-зерттеушілік қабілеттерінің деңгейін және даму үдерісінің басты бағыттарының ахуалын анықтау;
  • оқушылардың жаңа заман мәселелеріне арналған ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
  • талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
  • Қазақстан Республикасы зияткерлік  әлеуетінің қалыптастырылуына үлес

қосу.

 

  1. Байқаудың ұйымдастыру комитеті және әділқазылар алқасы

 

2.1. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Ұйымдастыру комитетін түзеді.

2.2. Ұйымдастыру комитеті Байқаудың дайындығы мен өткізілуіне   тікелей басшылық жасайды, әділқазылар алқасының құрамын және Байқауды өткізу бағдарламасын бекітеді,   Байқаудың қорытындысын шығарады.

2.3.  Әділқазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексеріп  бағалайды, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтайды.

2.4. Байқауға Қарағанды облысы жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

2.5.   Байқау үш кезеңнен тұрады:

  • І кезең – 2017 жыл 19 қарашаға дейін Қарағанды облысының жоғары оқу орындарында өткізіледі;
  • II кезеңге әрбір оқу орнынан 3   ғылыми жобаның  сұранысы 23 қарашаға дейін қабылданады. Сұраныста қорғалатын жұмыстың бағыты  мен тақырыбын көрсету керек. (Тел: (8-7213) 91-43-60 (ішкі 04) president-centre mail.ru). 25 қарашаға дейін сараптама комиссиясы сараптау жұмысын жүргізеді;
  • ІІІ ақтық кезең – 30 қараша күні сағат 10-00-де Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында  іріктеу кезеңінен өткен студенттер жобаны қорғау үшін облыстық байқауға қатысады. (жұмыстың слайдтармен таныстырылымы)
  • 6. Ғылыми жобаны қорғауға 7-10 минут уақыт беріледі, ал біріккен командалық жобаға 15 минут беріледі. Командалық ғылыми жобаны қорғауға тек екі студент  қатыса алады.

2.7. Ғылыми жоба мемлекеттік немесе ресми тілде қорғалады.

 

               III. Ғылыми жұмыстардың бағытары мен тақырыптары    

 

3.1.   Ғылыми жұмыстар  төмендегі бағыттар мен тақырыптар  бойынша өткізіледі: 

 

1-бағыт «Тәуелсіз Қазақстан»

  1. Тәуелсіздік – ұлы құндылық
  2. Астана – Елбасының тәуелсіздік дәуіріндегі қайталанбас жобасы
  3. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздік жаршысы
  4. Қазақстан жолы. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы;
  5. Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі. (Елбасының дана сыртқы саясатының жемісі).

     2-бағыт «Ұлы идея – игі мақсат бастауы»

  1. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – қоғам дамуының темірқазығы.
  2. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол»          мақаласының басты идеясы
  3. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы – Қазақстанның даму бағдарламасы
  4. «Ұлы дала елі» идеясы – Қазақстанның жарқын болашағы»
  5. Елбасының Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосу

идеясы – ел  мұраты.

       3-бағыт «Экономиканы жаңғырту – Қазақстанның гүлденуінің кепілі»

  1. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізі
  2.   ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесінің нәтижелері маңызы. Баламалы энергия – сарқылмас қуат көзі.
  3.   Сыбайлас жемқорлықпен күрес – экономикалық дамудың кепілі.
  4. Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауы

5.Ауыл шаруашылығын дамыту – халықтың әл-ауқатын жақсартудың қайнар көзі.                                   

                        4-бағыт «Ғылым, білім және мәдениет»

  1. Мәңгілік ел жастары индустрияға: Серпін 2050» Мемлекеттік бағдарламасының мақсаты
  2. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары
  3. Ұлттық салт-дәстүрлер және жастар тәрбиесі
  4. Мемлекеттік тіл – қазақстандық қоғамның ұйытқысы
  5. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласындағы Президент ұсынған жобалардың мәні

5-бағыт «Дінаралық келісім мен ұлтаралық татулық – Қазақстанның қарқынды дамуының кепілі»

  1. Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің

қазақстандық үлгісі
2.  Қазақстандағы діни экстремизм және лаңкестік проблемалары: пайда болу себептері және  шешу жолдары

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары сьездерінің әлеуметік-саяси маңызы
    Алғыс айту күні мерекесінің Қазақстандағы ұлтаралық ынтымақты нығайтудағы

рөлі
5.  «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы –Ұлттық мемлекет құрудың негізі: проблемалар және шешу жолдары

 

ІV.   Байқаудың ғылыми жұмыстарына қойылатын талаптар

 

Байқауға ұсынылған жұмыстар төмендегі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • жобада қоғамның осы саладағы бұрын ашылмаған тұстарын, деректерді, құбылыстар мен  жаңалықтарды  айқындайтын материалдар;
  • тәжірибелік құндылығы зор, ЖОО эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік үдерістің тиімділігін арттыруға ықпал ететін аппараттар, модельдер мен  құралдар конструкцияларын   ұсынатын  жұмыстар;
  • әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешуге бағытталған құқықтық негізі бар жобалар болу керек;
  • бұрын қаралған және қорғалған жобалар, реферат немесе сипаттау түріндегі жобалар, байқау талаптары сақталмаған жобалар ғылыми жарыстың келесі кезеңіне қатысуға жіберілмейді.

 

Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 

  • жоба мәтіні компьютерде А4форматтағы қағазда және электронды нұсқада, 25 беттен аспайтын, 14 кегль TimesNewRoman    шрифтпен   1,0   интервал аралықта басылуы керек және:
  • титул парағы;
  • абстракт;
  • мазмұны;
  • кіріспе;
  • зерттеу бөлімі;
  • қорытынды;
  • пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылуы керек.

Титул парағында:

  • білім беру мекемесінің  толық атауы;
  • байқаудың бағыты мен тақырыбы;
  • ғылыми жұмыстың атауы;
  • автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
  • жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
  • қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы көрсетілуі қажет.

Абстракт (200 сөзден аспауы керек) жобаның:

  • қысқаша мазмұны;
  • зерттеудің мақсаты;
  • гипотезасы;
  • кезеңдері, зерттеудің рәсімі;
  • тәжірибе әдістемесі;
  • зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
  • жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы;
  • практикалық қолдану салаларын білдіреді.

Кіріспе (екі беттен аспауы керек):

  • зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты (міндеті);
  • алға қойылған міндеттерді шешу әдістері қысқаша көрсетіледі.

Жұмыстың зерттеу бөлімі жеке тараулармен (параграфтар) беріледі (15 беттен аспауы керек) және төмендегі құрылымды қамтуы қажет:

  • жұмыстың практикалық құндылығына көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) анықтауға мүмкіндік беретін тақырып бойынша белгілі нәтижелерге аналитикалық шолу жасау;
  • алға қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
  • жұмыстың нәтижесі және оны талқылау;
  • көрнекілік материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер мен суреттер т.б.);
  • пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [1]. Нөмірленуі мәтінде кездесетін сілтемелерге сәйкес жүйелі түрде жасалуы қажет.

Қорытынды (бір беттен аспауы керек) жұмыстың басты нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындылар  мен ұсыныстарды қамтиды.

Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен төмендегідей орындалады:

  • автордың тегі және қысқартылған аты-жөні;
  • мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);
  • журналдың, әдебиеттің атауы;
  • басып шығарылған орны және баспасы (әдебиеттер үшін);
  • басылып шыққан жылы, шығу нөмірі, беті.

Ғылыми байқаудың ІІ кезеңіне баяндамаға қосымша таныстыру материалдарын  (слайд) жасау ұсынылады.

Ғылыми жоба нәтижелерінің нақтылығы мен мүлтіксіздігіне, диплом жұмыстарынан, магистрлық және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілген нәтижелер еместігіне жауапкершілік ғылыми жетекшілерге жүктеледі. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызмет дағдыларын ала отырып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

 

  1. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

 

5.1.Ғылыми жұмысты бағалау келесі өлшемдер  бойынша жүргізіледі:

  • жобаның жаңалығы және инновациялық құрылымы;
  • өзектілігі және әлеуметтік маңызы;
  • оқушының жеке үлесі.

5.2.   Байқаудың қорытындысы шешуші кезеңде шығарылады

5.3.   Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2017 жылдың 1 желтоқсаны күні сағат 15-00-де Тұңғыш Президенттің  тарихи-мәдени орталығында  өтеді.

5.4.   Байқаудың ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды:

І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 2 орын.

5.5.  Қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне Байқауға қатысқанын растайтын сертификат беріледі. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Мақтау грамоталары және  бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

 


Просмотров: 549
12.09.2017, 18:05:22, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар