“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ РЕКТОРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 30.09.2017, 12:24:49, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

WhatsApp Image 2017-09-30 at 12.12.23

WhatsApp Image 2017-09-30 at 12.12.23Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Бахыт Ахатұлы Жаутиков Санкт-Петербург қаласында өткен тау-кен техникалық бейінді білімді университеттердің 2-ші халықаралық Ректорлар кеңесінің жұмысына кеңестің ұйымдастырушыларының бірі ретінде қатысты.

Кеңес жұмысына әлемнің 60 елінің 120 жоғарғы оқу орындарының ректорлары қатысты. Оның ішінде ТМД және БРИКС, Германия, Ауғанстан, Австралия, Ирана, Канада және т.б. елдердің делегатциялары болды. Кеңес жұмысына РФ білім және ғылым министрінің орынбасары Г.В. Трубников қатысты.

Бүгінгі таңда бұл елімізде және шетелде тау-кен саласындағы жоғарғы білімді дамыту мәселелерін талқылауға арналған беделді алаңдардың бірі саналады. Бұл жолғы форумда талқылаған негізгі мәселесінің бірі  ЮНЕСКО басшылығымен тау-кен техникалық білім саласында Халықаралық құзыретті орталықты құру.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ЮНЕСКО-ң бас директоры Ирина Бокованың атына, тау-кен-металлургиялық салаға арналған мамандарды дайындайтын еліміздегі жетекші оқу орны ретінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің базасында Халықаралық құзыретті орталықты құру жөнінде хат жолдады. Сонымен бірге ҚМИУ тау-кен-металлургиялық саланың қазіргі уақыттағы сұранысын ескерумен білімдік бағдарламаны негізгі әзірлеушілердің бірі саналады.WhatsApp Image 2017-09-30 at 12.12.37

Құзыреттілік орталығы біріздендірілген білімдік стандарттардың қағидалары негізінде заманауи  жаратылыс-ғылыми білім жүйесін, инженерлер және тау-кен техникалық мамандарға біліктіліктер жөніндегі кәсіпті халықаралық сертификатты кешенді жүйені әзірлеу, сонымен бірге пайдалы кен қазбаларын іздеу, бағдарлау, қазу, тасымалдау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын маңызды құрал болуы керек.

Орталық миссиясы – ұлттық және халықаралық деңгейде ЮНЕСКО «Африка» және «Гендерлі теңдік» жаhандық басымдылықтарды қолдаумен экономиканың минералды-шикізатты секторына қатысты қолданылатын тұрақты даму қағидаларын жүзеге асыру.

Құзыреттілік орталығы бейінді жоғарғы оқу орындарына арналған бірлі білімдік кеңестікті қалыптастыратын және минералды-шикізатты кешенде жұмыс жасайтын инженерлерге арналған заманауи құзыреттілік стандарттарын қалыптастыратын халықаралық алаң ретінде жұмыс жасайды.


Просмотров: 459
30.09.2017, 12:24:49, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар