ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕР КҮНІ
[Дата публикации: 27.09.2017, 18:23:20, жариялауды: Әкімшілік]
Тілдер, мәдениет бірлігі – бұл тәуелсіз республиканың іргетасы, соның негізінде болашақ құрылады…
«Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 22 қыркүйік күні бірінші курс студенттері арасында «Қазақстан – Ортақ отанымыз», «Казахстан – наша родина», «Kazakhstan – our Motherland» байқауы өткізілді.
Студенттер байқау тақырыбы аясында үш тілде өлең оқыды. Байқауға техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша 35 студент қатысты.
Байқау нәтижелері бойынша жюри жүлделі орындарды былайша бөлді:
Қазақ тілі бойынша жеңілпаздар:
– 1- орын – Сәрсенбек Еркежан (МҚӨТ-17қ-1);
– 2- орын – Шәріп Фарида (ККТжТ-17қ);
– 3- орын – Күреген Мұхтар (МҚӨТ-17қ-4).
Орыс тілі бойынша жеңілпаздар:
– 1- орын – Оңалбай Мұратби (ЭЭ-17қ);– 2- орын – Қожабекова Нұрай (АжБ-17қ);
– 3- орын – Аднабеков Мақсат – МҚӨТ-17қ.
Ағылшын тілі бойынша жеңілпаздар:
– 1- орын – Тарасов Нұрасыл – (ТМЖ-17кқ);
– 2- орын – Ережеп Қасымхан (ЕТжБҚ-17қ);
– 3- орын – Зиядова Айтадж (Э-17қ).
Жюри құрамы: Жунусова Алтынай Касымовна – аға оқытушы, магистр; Дружинина Наталья Валерьевна – оқытушы; Ыбрай Дана Жасулановна – оқытушы.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің
Баспасөз қызметі
Просмотров: 510