“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

2017 ЖЫЛЫ 20-21 ҚЫРКҮЙІК КҮНІ ҚМИУ ӘКІМШІЛІК ӨКІЛДЕРІМЕН №1 ЖӘНЕ №2 ЖАТАҚХАНАНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АШЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.

[Дата публикации: 22.09.2017, 17:50:27, жариялауды: Әкімшілік]

 

IMG-20170922-WA001520-21 қыркүйік күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің әкімшілік өкілдері «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» департаментінің директоры  М.М. Салпенова, «Металлургия және машинажасау»  факультетінің деканы Д.К.,Мусин,  «Энергетика, көлік, және басқару жүйелері» факультетінің деканы Г.Г. Жабалова, №1 жатақхана коменданты К.У. Битасова,   №2 жатақхана коменданты  Ж.Х. Мусагалиева, «Пайдалану және инфроқұрылымды дамыту» департаментінің директоры Е.С. Айтбаев, студенттік кеңес төрғасы М.Исаевтың қатысуымен  №1 және №2 жатақхананың  студенттерінің ашық жиналысы өткізілді.

Жиналыс ұйымдастыру мәселелері, Ішкі тәртіп ережелері, жатақхана ережелері, бөлмелерде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау және жатақхана жұмысының тәртібіне қатысты мәселелерне арналды.

Студенттердің жатақханада тұру жағдайы рәсімделген негізгі құжаттар: студенттік жатақхана жөніндегі Ережелер және студенттік жатақхананың Ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылды.

IMG-20170922-WA0017Бірінші кезекте, ТЖжЖСД директоры М.М Салпенова студенттерге Ішкі тәртіп ережелерін сақтау, оның ішінде бөлмелерде кезекшілік міндетін атқару және қажетті шаруашылық жұмыстарын орындау, комендант талаптарын орындау қажеттігін, сонымен бірге жатақананың Ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттерге әкімшілік жазалау шаралары қолданылатындығын және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы қолданылатын іс-шаралар жөніндегі ақпаратты түсіндірді.

IMG-20170922-WA0018Сонымен бірге тұрмыстық мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Біріншіден, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты жатақханада қыздыру құралдарын қолдануға тиым салынатындығы айтылды. Бөлмелерде тазалықты және тәртіпті сақтау қажет. ПжИДД директоры Е.С. Айтбаев өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екендігін ескертті. Жиналыс соңында студенттер  жатақхана мәселелері туралы сұрақтарды қойып толық жауап алды.

Жатақханада  тұратын студенттермен ҚМИУ әкімшілік өкілдері 2 айда бір рет кездесу өткізеді, бірақта бірінші курс студенттеріне арналған ұйымдастыру жиналысы өте маңызды іс шаралардың бірі саналады.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің

Баспасөз қызметі

 

 


Просмотров: 469
22.09.2017, 17:50:27, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар