“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҮНДІСТАН СТУДЕНТТЕРІ ҚМИУ-ДА БІЛІМ АЛДЫ

[Дата публикации: 08.06.2016, 09:21:06, жариялауды: Әкімшілік]

 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатына іс-тәжірибеге келген үнділік студенттер Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде өткен апта бойында металлургия негіздерін зерттеп білді. Танысу қала құрушы өндіріс орнымен таныстырудан басталды.

ҚМИУ бойынша саяхатқа «Electronics and Communication Engineering» және  «Computer Science and Engineering» мамандығыбойынша білім алып жатқан Джайпурдың «LNM Lakshmi Niwas Mittal Institute of Information Technology» оқу орнының 25 өкілі  және олардың жетекшісі Викрам Шарманың көңілі толды. Қонақтарға оқу орнының мұражайындағы көптеген экспонанттар, «Festo»фирмасының жаңа бағдарламалық-аппарат кешендерімен жабдықталған зертханалар және «Siemens» фирмасын автоматтандыру бойынша жасалған стендттер көрсетілді.  Шетелдік үшінші курс студенттері «Электрондық микроскопия және нанотехнология»  инженерлік бейінге лайықты жабдықталған зертханада болып, ондағы жаңа жабдықтармен танысты. Саяхат соңында зертханалық корпуста болып, өндірістік агрегаттармен, меатллургиялық циклдың жабдықтарымен,метал-лургиялық өндірістегі шикізаттарды ұсақтау жолдарымен, құрыш пен қорытпаларды конвертерлік және индукциялық жолмен алу тәсілдерімен, сондай-ақ терминикалық пештермен, ферроқорытпаларды балқыт, литейлік формалау жолдарымен танысты. «Материалдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының тәжірибелік-өндірістік алаңында студенттер жылжымалы, суреттік және соғу құрылғыларымен, арнайы залда ТМД-да кездесе бермейтін домна және конвертерлік цехтардың жұмыстарымен танысты. Шетелдік қонақтардың әрбір минуты тиімді пайланылды. Студенттер екі топқа бөлініп, арнайы аудармашымен жұмыс жасады.

Біздің студенттер әр түрлі мамандықтар бойынша білім алады, олардың басым көпшілігі «IT-технологии» және «Автоматтандыру» мамандығы бойынша білім алуда, ішінде механиктер де бар, – дейді топ жетекшісі Викрам Шарма. – Металлургиялық комбинаттағы бір айлық іс-тәжірибеден соң әр студент өз жобасын қорғайды. Көптеген жобалар ақпараттандыру технологиясымен, ақпараттық қауіпсіздік тақырыбымен байланысты. Теміртауға келген көптеген студенттердің негізгі жұмысы – жобасын орындау. Студенттер металлургиялық комбинат цехтарында іс-тәжірибеден өтеді, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мамандарынан лекция тыңдайды. Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде меморандум негізінде бір апта бойында студенттер «Металлургия негіздері» курсын тыңдайды.

Лекцияның соңғы күнінде біз әр студентке ағылшын тілінде эссе жазуға тапсырма бердік – дейді «Металлургия және материалтану» кафедрасының меңгерушісі Айнагүл Төлеуова. Сонан соң ҚМИУ профессорлары жұмыстарын тексерді. Барлық шетелдік студенттер тапсырмаларын ойдағыдай орындаған. Жуырда оларға курстан өткендігі жөнінде сертификат беріледі.Олардың бағдарламасында мәдени, спорттық іс-шаралар, балалар мен жасөспірімдер орталығы үйірмелерінің жұмысына қатысу да қарастырылған.

– Қала жайлы, ауа райы, қонақ үй жайлы  бізде жақсы әсер қалыптасты. Барлығы өте жақсы, барлығы қанағаттандырады, -деді «LNM Lakshmi Niwas Mittal Institute of Information Technology» 3 курс студенті Пратишта Патни.

 

в лаборатории КГИУ_IMG_0918 знакомство с классом для комп.тестирования_IMG_0903

Пратишта Патни_IMG_0893 в музее КГИУ_IMG_0885

Доктор Викрам Шерма_IMG_0952  фото на память в музее КГИУ_IMG_0896


Просмотров: 1  145