БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСЫ ҮШІН МАРАПАТТАЛҒАНДАР
[Дата публикации: 04.04.2016, 09:50:38, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы күміс медальмен жемісті еңбегі және ғылым мен жоғары білімге қосқан үлесі үшін Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті «Құрылыс және жылуэнергетикасы» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Анатолий Филатов марапатталды.
74 жастағы Анатолию Васильевичке марапатты әріптестерінің ду қол шапалағымен салтанатты түрде университет ректоры М.К.Ибатов тапсырды. Медаль иегері өзінің еңбегін жоғары бағалаған әріптестеріне алғыс айтып, мұнан кейін де жас ғалымдар мен магистранттардың, ғылым кандидаттарының, «Құрылыс және жылуэнергетикасы» кафедрасының ғана емес, барлық әріптестерінің ықыласына сүйене отырып, болашақта да жемісті етуге тырысатындығын айтып өтті.
Анатолий Филатов Карметкомбинаттың зауыт-ЖТОМ-мен (ҚМИУ бұрын солай аталған) қызметтестікті 44 жыл бұрын «Қазметаллургқұрылыс» тресінің техникалық жетекшісі қызметінен бастаған. Ол жоғары білікті мамандарды дайындауға үлесін қосып, жаңа технологиялардың талдамасын әзірледі, Теміртау қаласының және металлургиялық комбинаттың құрылыс жұмысына қатысты. Соңғы 20 жыл бойында университтетте ғана жұмыс жасап келеді. Қазір магистранттармен жұмыс жасауда.
- Құрылыс пен металлургияның, энергетиканың тоғысында шешуін таппаған сұрақтар мен өзекті мәселелер өте көп, – дейді Анатолий Васильевич. – Еңбек және ғылым одағының арқасында экономикада үлкен жетістіктерге жетіп, Елбасымыздың біздің алдымығда тартып отырған міндеттерін шешуге болады.
Белсенді және жемісті еңбегі үшін ҚМИУ-ң басқа өкілдерінің есімдері де аталып өтті. Қалалық маслихаттың алғыс хатымен «Химиялық технология және экология» кафедрасынң меңгерушісі Гульнара Ульева және мамандардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау оқу орталығының жетекшісі, энергоаудит, энергияүнемдеу, энергия тиімділігі немесе энергоменеджментті іске асырушы Артем Гурушкиндер марапатталды.
ҚМИУ баспасөз орталығы
Пресс-центр КГИУ
Просмотров: 745