“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

2016-2017 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық

[Дата публикации: 26.04.2016, 14:45:41, жариялауды: Әкімшілік]

 

2016-2017 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде

оқу үшін студенттер арасында байқау өткізіледі.

Байқау бойынша таңдау 2 кезеңде өткізіледі.

  1. Үміткер 05.05.2016 жылға дейін деканатқа І кезеңге арналған құжаттарын тапсыру керек. Ашық байқау шеңберінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үміткерлерді таңдау мүмкіндік теңдігі, сіңірген еңбегі, қабілеті және қоғамдық белсенділігі қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Байқауға техникалық мамандықтар бойынша 1-ші және 2-ші курс студенттері және 1 курс магистранттары қатыса алады.

  1. 05.05.2016ж. дейін шетел тілі бойынша емтихан өткізіледі.
  2. 30.05.2016ж. байқау комиссиясының отырысы өткізіледі.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған Ережелерге сәйкес үміткерлерді таңдауға арналған негізгі шарттар:

1) шетел тілін білу деңгейі;

2) білім туралы құжаттағы орташа балл;

3) білімгердің академиялық кезең қортындысы бойынша ағымды үлгерімі;

4) академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу үшін үміткерлерге арналған жоғары оқу орнындағы бір академиялық кезеңнің қортындысы.

Байқау қортындысы бойынша үміткерлердің қандай ЖОО білім алатындығы  кейін анықталады.

 

 


Просмотров: 563