“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ҚМИУ АРУЫ» және «НАУРЫЗ АРУЫ» есімдері анықталды

[Дата публикации: 31.03.2016, 09:45:06, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

25 наурыз күні біздің университетте дәстүрлі «ҚМИУ аруы» байқауы өткізілді. Оған алты факультеттің өкілдері қатысты.

Байқауға қатысушылар көрермендердің алдына ұлттық костюммен шығып, залға «шашу» шашып өтті. Сонан соң сахнаға көтерілді. Олармен жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «ҚМИУ сұлтаны – 2015» және жүргізушілердің бірі Сұңғат Кәріпжанов таныстырып өтті.

Әкімнің орынбасары Ғалымжан Спабеков кештегі құрметті қонақтың бірі болды. Арулардың тағдырын «Банк-ЦентрКредит», депутаттар корпусының өкілдері, «Мэри Кей» фирмасының өкілдері, «NIM» парфюмерия-косметикалық кәсіпорны, «Ажур» сұлулық орталығы өкілдерінен және  ҚМИУ түлегі мен екі студенттен құралған әділқазілар шешті.  

Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Визиттік карточка байқауында қыздар өздері жайлы айтты, шығармашылық байқауда қыздар хореографиялық нөмірлер, сахналық көріністерге байланысты өз таланттарын байқатты, үшінші кезеңде кешкі көйлектерді көрсетті.

Барлық кезеңді әділқазылар 5 балдық жүйемен бағалады. Үзілісте қонақтардың алдында  ОДЭС«Бэби шлягер» солисіНастя Кулакова, гитарист Алихан Балкыбеков, тамаша вокалист Сағдана Алибаева  және  «Альтаир» би тобы өнер көрсетті.

Барлық қатысушылар басты сыйлыққа лайықты болды, сондықтан әділқазыларға үздікті таңдау оңай болған жоқ. Талқылау ұзаққа созылды. Әйтеуір, қорытынды да анық болды!

Металлургия және құрылыс факультетінің студенті Аида Шарипова «Талант аруы» атағына ие болды және «NiM аруы» демеушілік номинациясына ие болды. Экономика факультетенің студенті Адель Берікбаева «Көзайым аруы» атағына ие болды. Металлургия және құрылыс факультетінің студенті Аида Сапар «Көктем аруы» атағына ие болса, машинақұрылысы және автоматтандыру технологиясы факультетінің студенті Әйгерім Әбілқасымова «Миис оригинальность» атағына ие болды. Экономика факультетінің студенті Татьяна Силаева «Наурыз аруы» және «МэриКей аруы»  атағына ие болып, осы фирманың сыйлығын алды.

«ҚМИУ аруы-2016» тәжін әділқазылар металлургия және құрылыс факультетінің студенті Салтанат Рахматуллаеваға кигізді. Ол «ЦентКредит» банкінің басты сыйлығын да иеленді.

Соңынан жеке демеушілер құттықтаулар айтып, гүл шоқтарын, сыйлықтарын тапсырды, суреттерге түсті.

Барлық қатысушылар депутаттар атынан берілген сыйлықтарға, күннің басты демеушісі ҚМИУ ректораты мен кәсіподақ сыйлықтарына ие болды.

                                 


Просмотров: 758