“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Келешек – 2016» республикалық ғылыми-практикалық конференция

[Дата публикации: 22.01.2016, 15:16:57, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 2016 жылғы 11 наурызда «Келешек – 2016» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарлануда:

  1. Техникалық ғылымдар
  2. Экономика ғылымдары
  3. Гуманитарлық ғылымдар
  4. Жаратылыстану ғылымдары

Конференцияның жұмысында пленарлық және секциялық мәжілістерде кеңінен пікірлер, ғылыми өндірістік тәжірибелер алмасу көзделуде.

Конференция материалдары ғылыми жинақта жарияланады.

Конференцияның жұмыс тілі – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілі. Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияның жұмысына қатысу жөнінде тапсырыс пен баяндаманың дискетін 2016 жылғы 20 ақпанға дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Просмотров: 629