“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Новостной блок от кафедры «История Казахстана и общие дисциплины»

[Дата публикации: 22.11.2015, 15:46:36, жариялауды: Әкімшілік]

 
  • Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің құрметті профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Өтепберген Артықбайұлы Артықбаевтың металлургия саласындағы терминдер бойынша жарық көрген түсіндірме сөздігінің тұсаукесер рәсімі өткізілді.
  • Қыркүйектің 30-нда «Абай – дана, Абай дара қазақта» атты Ұлы ақынның 170 жылдығына орай өткізілген қалалық байқауға біздің кафедрамыздың доценті, ф.ғ.к. Абдикарим Н.А. және оқытушы Қапашева Ж.К. дайындаған студенттер мәнерлеп оқу бойынша ТМО-15к-1 тобының студенті Түлкібаев Бейбіт І орынды, ТОМД-15к-1 тобының студенттері Балабек Асылзат және Елтай Біржан ІІ орынды және де осы топтың студенті Әбділлә Жүсіп ІІІ орынды жеңіп алды; Абай әндерін орындаудан ТМО-14кс тобының студенті Мұратхан Амангелді ІІ орынға ие болса, Абай әндерін нақышына келтіріп орындаудан  С-15к-1 тобының студенттері Балықбеков А., Ердалиев Берік, Садық Абайхандар жүлделі орындарға ие болды; ал қара сөздерін оқудан ТМО-15к-1 тобының студенті Дәулетәлі Нұрбол, ТОМД-15к-2 тобының студенті Рүстем Әлия, Қазыбай Нұржандар алғыс хаттармен марапатталды.
  •  «Алаштың ардақты арыстары» атты қалалық ғылыми-практикалық конференцияға доц., ф.ғ.к. Абдикарим Н.А. «Міржақып Дулатовтың шығармалары – қазақ өмірінің айнасы» деген тақырыпта, ал МТНМ-15кс тобының студенті Оспанова Айғаным М.Дулатовтың тағдыры жайында баяндама жасап, Увиньва Жайнагүл, Әбділлә Жүсіп, Рүстем Әлия, Қазыбай Нұржан, Дәулетәлі Нұрбол т.б студенттер ақынның өлеңдерін оқып, диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
  • Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі түрде өтетін «Мен жастарға сенемін!» атты жырмүшайрасына ТМО-15к-2 тобының студенттері Дәулетәлі Н., Рахматолла С.  өлеңдерін біздің оқытушылардың редакциялауынан кейін жолдады.
  • Оқытушы Ж.К.Капашеваның жетекшілігімен М-14к тобының студенттері Қаражанов М.,Әубәкірова М. өздерінің өлеңдерін аймақтық студенттердің жыр мүшәйрасына жіберді.
  • Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ғалымдарын бірінші курс студенттерімен таныстыруды Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасы дәстүрге айналдырып отыр. Осындай іс-шара 20.11.15 ж. университетіміздің ардагер ұстазы, 2009 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Исанова Бирень Хусаиновнаның қатысуымен өткізілді.
  •  Кафедра оқытушылары доц. Абдикарим Н.А. (26.11.15), оқытушы Асанова К.А. (25.11.15) жоғары деңгейде ашық сабақтар өткізді.

IMG_2915image-03-12-15-05-23image-03-12-15-05-24image-03-12-15-05-24-1


Просмотров: 653