«Минералдық шикізаттарды кешенді өңдеудегі инновация» атты ӘБІШЕВ ОҚУЫ -2016
[Дата публикации: 23.10.2015, 10:16:02, жариялауды: Әкімшілік]
Құрметті әріптестер,
Сіздерді 2016 жылы 21-22 қаңтарда Алматы қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Жантөре Нұрланұлы Әбішевтың 80 жылдығынажәне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменовтың 60 жылдығына арналған «Минералдық шикізаттарды кешенді өңдеудегі инновация» атты ӘБІШЕВ ОҚУЫ -2016 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға (бұдан әрі –Конференция) қатысуға шақырамыз.
Конференция бағдарламасы аясындаотандық және шетелдік ғылыми орталықтар мен өндірістік компания өкілдерімен тау-кен істері мен геологиядағы инновация, жұпыны, баланстан тысқары шикізатты байытудағы заманауй тәсілдер, табиғатты пайдаланудың экологиялық аспектілері, минералды және техногенді шикізаттарды металлургиялық өңдеудің жаңа технологияларын талқылау жоспарланған.
«Жібек жолы» трансұлттық бағдарлама аясындағы Металлургиялық жоблар» дөңгелек үстөлі конференцияқонақтары мен қатысушыларына тау-кен-металлургия саласы дамуының өзекті мәселелері жөнінде пікірлерін бөлісуге мүмкіндік береді.
Сіздер конференцияға белсене қатысады деп сенім білдіреміз. Өтінімдеріңізді ақпараттық хабарламада (қоса беріліп отыр) көрсетілген байланыс мәліметтері бойынша жіберулеріңізді сұраймыз.
Ақпараттық хат, қатысуға өтінім
Просмотров: 591