“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Баспасөз-релиз

[Дата публикации: 23.09.2015, 10:18:39, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 2015 жылдың 22 қыркүйек күні «Технопарк Сары-Арқа» ЖШС ұйымдастырған «Индустриялы-инновациялық іс-әрекетке мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының тәртібін түсіндіру» кеңес беру сипатындағы семинар өткізілді.

Бұл семинар университеттің қызметкерлері, профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар және студенттер үшін ұйымдастырылды, семинар барысында шағын және орта бизнеске және инновациялық гранттарға «Атамекен» ҚР ҰҚП тарапынан кәсіпкерелрге көрсетілетін көмек және даму құралдарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен бірге, инновациялық гранттарға арналған өтінімдерді әзірлеуге қатысты жалпы ұсыныстар, жеке кеңестер берілді.

IMG_2964

Семинардың негізгі мақсаттары және міндеттері:

1) Индустриялы-инновациялық іс-әрекетке мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының тәртібін түсіндіру;

2) Бизнесті дамытуға арналған Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды мүмкіндікті қалыптастыруға көмектесу және осы мәселелерді талқылау;

3) Студенттер, магистранттардың оқу-танымды және ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін ынталандыру;

4) Ғылыми сыйымдылықты және жоғары технологиялық экспортқа бағытталған индустриялық-инновационды жобаларды әзірлеуге ынталандыру.

IMG_2968

Осы шараларға Теміртау қаласының Кәсіпкерлер Палатасы, «Даму» қоры, Қарағандылық «Іскер» бизнес қауымдастығы» ЗТҚ және Өңірлік коммерциализацияландыру орталығының өкілдері қатысты.


Просмотров: 561