«Startup«Bolashak» стартап-жобалар байқауы
[Дата публикации: 11.09.2015, 10:19:47, жариялауды: Әкімшілік]
Студенттер!!! Назар аударыңыздар!
Жүлделік қоры 25 млн. теңгеге бағаланған «Startup«Bolashak»
стартап-жобалар байқауына қатыс!
Егер Сізде қызықты бизнес-идея болса, алайда оны іске асыру үшін қаражатыңыз жоқ па? Онда ойланбастан, Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауына қатыс.
Аталған байқауға Қазақстанның 18-29 жас аралығындағы барлық жастар, сонымен бірге жобалық топтар қатыса алады.
Стартап-жобалар байқауы «Болашақ» қауымдастығының 3 грантын көздейді, I орын – 7 млн. теңге, II орын – 5 млн. теңге және ІІІ орын – 3 млн. теңге, сондай-ақ 10 млн. теңге – «BI Group» холдингі атынан берілетін гранттарын қарастырады. Мұнымен қоса, байқауға қатысушылар, инвесторлар тарапынан қаржылық қолдауға ие болуға, реалити-шоу форматында бағдарламаға түсуге, бизнес-жоспарды жазу бойынша өздерінің жеке істерін дөңгелетіп отырған белді бизнесмендер мен басқалардан кәсіби кеңестер алу мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады.
Байқауға қатысу үшін өтініштер ү.ж. 20 қыркүйегіне дейін қабылданады. Байқауға құжаттарды қабылдау барлық «Бәйтерек» өңірлік кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі. Сонымен бірге, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Қажымұқан көш., 8а мекен-жайына пошта арқылы жолдауға болады.
Байқау туралы толығырақ ақпараттармен www.bolashak.kz сайтынан немесе 8 (7172) 707 669 бойынша танысыңыз.
Байқаудың серіктестері мен ұйымдастырушылары: «Болашақ» қауымдастығы, «Бәйтерек» холдингі, «Даму» қоры, «ТДҰА» АҚ, «Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ,«BI Group» холдингі, «Atasu Group of Companies» пен «Sheberbuild» компаниялары және Астана қаласының әкімдігі.
Байқауға қатыс!
Өзіңнің стартапыңды жүзеге асыруға арналып берілетін қаражатты алу мүмкіндігін құр жіберіп алма!
Просмотров: 613