“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Алғыс хат

[Дата публикации: 29.08.2015, 09:34:06, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының 2015-ші жылғы, 1 курс студенттері Дастанбек Жазира Талғатбекқызы және Балабек Асылзаттың ата-анасы, кафедраның аға оқытушысы, Ержанов Алмас Сатыбалдыұлына алғыс жариялаймыз!

Алмас мырза, студенттерге өте жақсы қарым-қатынаста екенін байқадық. Адамгершілік тұрғыдан алып қарағанның өзінде өте сыпайы, инабатты адам екеніне және де ата-ана қауымына да сыйластықпен қарауы кісіні таңқалдырмай қоймады.

Және де атап өтетін жайт, «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің барша құрамына да алғыс айта кетеміз. Барша студент қауымына өте тиімді жағдай жасалынған. Әр аймақтардан келген 1 білім алушыға, қосымша жағдайлар қарастырылған, оның ішінде түсіндірме жұмыстарды жүргізу, жатақханада ақысыз тұру, уақытылы берілетін шәкіртақы, студенттің білім алу орнына келуі және қайта өз аймағына қайтуы қарастырылған.

ҚМИУ ұжымына және Алмас Сатыбалдыұлына шығармашылық табыстар тілей отырып, алдағы уақытта жұмыстарының жемісін көріп, шәкірттерінің толағай жетістіктеріне жете беруіне тілектеспіз!

Құрметпен ата-ана:         Арпабаева Сәуле

Бекбергенова Хадиша

(Қызылорда қаласы)


Просмотров: 714