“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Білім және ғылым тілдік тосқауларсыз» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

[Дата публикации: 06.04.2015, 10:06:09, жариялауды: Әкімшілік]

 

2015 жылдың 15 мамырында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті шет тілдерінде «Білім және ғылым тілдік тосқауларсыз» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияны өткізу мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты белсендіру, халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу, гранттар мен шәкіртақылар алу, шетелдік әріптестермен шарт пен келісім жасау үшін түрлі сала мамандарын шет тілдерді үйренуге ынталандыру.

Конференцияда төмендегі ғылыми бағыттар бойынша шет тілдерде қазіргі ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелерін қарастыру жоспарланған (аударма материалы қабылданады):

Секция

Жауапты хатшы

Эл. пошта адресі

Гуманитарлық ғылымдар

Б.Т. Куанышева

danaslyamova@mail.ru

Жаратылыстану ғылымдары

М.А. Уайханова

mira.p2011@mail.ru

Техникалық ғылымдар

М.К. Нурсапинова

n.m.k.future@mail.ru

 

Конференцияның жұмыс тілдері: ағылшын, неміс, француз, испан.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2015жылдың27 сәуіріне дейін толтырылған тіркеу парағы мен  Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторында терілген А4 форматтағы 5 беттен аспайтын мақаланы жауапты хатшының жоғарыда көрсетілген электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Әр файлда бір ғана жұмыс болуы және мақала авторының тегімен аталуы қажет. Ғылыми мақала секцияның тақырыбымен сәйкес, өзекті, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы тиіс. Сонымен қатар төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және рәсімдеу талаптарына сай болуы қажет.

акпараттык хат-2015 (doc)


Просмотров: 386
06.04.2015, 10:06:09, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық