“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Жас ғалым-2015» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

[Дата публикации: 03.03.2015, 10:23:38, жариялауды: Әкімшілік]

 

2015 жылдың 28-29 сәуірінде

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы»

Жамбыл филиалымен бірлесе

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған

 

«Жас ғалым-2015» атты

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланады:

 

Гуманитарлық ғылымдар

Секция 1. Тарих (Отан, жалпы), пәлсапа, саясаттану, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, этномәдениеттану, құқықтану, экономика.

Секция 2. Филология (тіл және әдебиет): қазақ, орыс, шет тілдері.

Секция 3. Педагогика, этнопедагогика, психология, дефектология.

 

Жаратылыстану ғылымдары

Секция 1. Математика, физика, информатика.

Секция 2. Жағрафия, биология, химия, экология.

 

Конференцияға қатысуға оқудың барлық формаларындағы студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және білім беру мекемелерінің қызметкерлерін шақырамыз.

Конференция жинағына мақалалар 2015 жыл 20 наурыз сағат 18.00 дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш әкелінген мақалалар қабылданбайды.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Назар аударыңыз! Ұйымдастыру комитеті конференция материалының жинағын электронды (СD-дискте) түрде шығаруды көздеп отыр. Жинақ авторларға конференциядан кейін пошта арқылы жіберіледі.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне мына электронды поштаға zhasgalym2015@mail.ru: баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасын электронды түрінде өткізу қажет. Баяндамалар тек электронды түрде қабылданады.

Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды. Қабылдау комиссиясының шешіміне сәйкес, авторларға шақыру ретінде екінші ақпараттық хат жіберіледі. Ұйымдастыру жарнасын екінші ақпараттық хатты алғаннан кейін төлеу қажет.

Ұйымдастыру жарнасы -3000 тг.

 

Ұйымдастыру жарнасы. Қаржы реквизиттері

Мекеме «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты»,

РНН 211500217969

БИН 040440007305

ИИК KZ 376010161000026196 ЖОФ АО «Халық банкі» Тараз қ.

Кбе 16

БИК HSBKKZKX («ТарМПИ конференцияға») деп көрсетілсін.

Инф.письмо Жас галым 2015 (doc)


Просмотров: 537
03.03.2015, 10:23:38, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық