“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Жас ғалымдардың Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуындағы орны» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

[Дата публикации: 17.03.2015, 10:23:55, жариялауды: Әкімшілік]

 

Сіздерді 2015 жылы 9 сәуірде «Сырдария» университетінде Қазақстан Рспубликасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Жас ғалымдардың Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуындағы орны» атты  студенттер мен магистранттардың сырттай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары және секциялары:

  • гуманитарлық ғылымдар;
  • жаратылыстану ғылымдары;
  • педагогикалық ғылымдар;
  • техникалық ғылымдар;
  • құқықтану және экономикалық ғылымдар.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін конференция құжаттары жиынтығының қағаз және электрондық  нұсқаларын ұйымдастыру комитетіне тапсыру керек немесе Sirdariya-konf@mail.ru электрондық адресі бойынша жіберу қажет.

Құжаттар жиынтығы төмендегілерден тұрады:

–     конференцияға қатысу үшін тіркеу формасы (форма қосымша берілген);

–   төменде берілген талаптарға сәйкес ресімделген мақала  (көлемі 5 беттен аспауы тиіс);

–   ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын түбіртек (құжат сканерленіп,  pdf  форматында электрондық поштамен жіберіледі).

Ұйымдастыру жарнасы

          Конференция жұмысына қатысу үшін, қатысушы ұйымдастыру жарнасын төлеуі тиіс. Ұйымдастыру жарнасына конференция материалдарын басып шығару құны кіреді. Ұйымдастыру жарнасының (жинақтың бір данасының) сомасы 2000 (екі мың) теңгені құрайды. Баяндамалар  ғылыми жинақ түрінде басылып шығады.

Материалдарды жолдайтын мекенжай: 160500, Қазақстан Республикасы, Жетісай қ., М. Әуезов көшесі, 11-үй, «Сырдария» университетінің бас ғимараты     3-қабат, 301-кабинет. Анықтама телефоны 8/725/ 34  6-15-52

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кейін (2015 жылғы 1 сәуір) жіберілген мақалаларды қабылдамауға құқылы.

«Сырдария » университетінің реквизиттері

РНН   580400006905 

р/с KZ749260801123056005

ИИН 980340002287

Код 17

БИК: KZKOKZKX

АО «Казкоммерцбанк»

Мекен жай: Жетісай қ., Әуезов  к., 11

Ақпар Хат СРҒПК-2015


Просмотров: 469