“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Шоқан оқулары-19» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

[Дата публикации: 03.03.2015, 10:13:18, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2015 жылдың 24-26 сәуір аралығында қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, саяхатшы және ағартушы Ш.Уәлихановтың 180 жылдығына арналған дәстүрлі «Шоқан оқулары-19» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізеді.

Конференцияда келесідей секциялар мен секциялық бөлімдерінде қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының көкейкесті мәселелері қарастырылады:

1.  Шоқантану;
2.  Тарих, география және этнология;
3.  Философия, саясаттану және әлеуметтану;
4.  Жалпы педагогика;
5.  Психология;
6.  Жаратылыстану және қолданбалы  ғылымдар:
6.1. физика және ФОӘ;6.2. математика және МОӘ;

6.3. информатика және ИОӘ;

6.4. химия және ХОӘ;

6.5. биология және БОӘ;

7.      Филология:
7.1.    қазақ тілі;
7.2.    орыс тілі;
7.3.    шетел тілі;
8.      Өнертану;
9.      Экономика:10.  Ауылшаруашылық ғылымдары;
11.  Техникалық ғылымдар;
12.  Медицина;
13.  Заң және құқық;
14.  Экология және табиғатты қорғау;
15.  Туризм және спорт.

 

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді. 2015 жылдың 20 наурызына  дейін ұйымдастыру комитетінің valihan-19@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы:  секция №   мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._Бакенеев_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар); төлем құжатын (электрондық түрде болса – сканерленген) жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Әдебиеттердің сілтемесі мәтінде келтіріледі: тік бұрышты жақшада әдебиеттер тізіміндегі номері және беті, мысалы: [1: 25]. Әдебиеттер тізімі («Әдебиеттер» атауымен) мақаланың соңында дәйексөз реті бойынша келтіріледі.

Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар мақалаларына ғылым кандидаты немесе докторының қолы қойылған рецензияны (сканерленген түрде; jpg формат) қоса ұсынсын.

Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетімен қарастырылады. Көрсетілген мерзімнен кеш берілген материалдар немесе талаптарға сәйкес толтырылмаған материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды.  Студенттердің жұмыстары қабылданбайды.

Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы – 4000 теңге. Көкшетау қаласы, «Цеснабанк» АҚ, TSESKZKA, РНН 361800022370, БИН 960840000681, ИИК KZ 61998JTB0000118553, КНП 861, ШЖҚ РМК «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті». «Шоқан оқулары -19» конференциясына қатысу үшін.

Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар мен жіберуші ұйымдар тарапы есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетімен хат алмасу тек көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша жүзеге асырылады.

 Ұйымдастырушы: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Ақан-сері көшесі, 24, РП бөлімі /104 бөлме/, Мансуров Қанат Жүсіпұлына.

Анықтама телефоны: 8 (7162) 72-11-12, 72-19-53. E-mail: valihan-19@mail.ru       

информационное письмо УЧ-19 (doc)


Просмотров: 430
03.03.2015, 10:13:18, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық