“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ОЛИМПИАДАСЫ

[Дата публикации: 14.03.2015, 10:21:00, жариялауды: Әкімшілік]

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ  ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ  ФАКУЛЬТЕТІ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 СІЗДЕРДІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ 75- ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ  ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР  ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ  ІІ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ 

Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  Философия және саясаттану факультетінде 2015 жылдың 26-27 наурызында  өтеді

 

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің психологиялық – педагогикалық циклдегі  пәндер бойынша дайындық сапасын анықтау; білім беру жүйесін жетілдіруге кәсіби белсенділік танытуына, интеллектуалдық  әлеуеттерінің қалыптасуына ықпал ету; кәсіби-педагогикалық және шығармашылық әлеуеттерінің, дарындылықтарының  ашылуына жағдай жасау;  дарынды және  барынша талантты  студенттерді  таңдау және қолдау көрсету. 

Олимпиаданың мазмұны және ұйымдастырылуы.

Студенттерді олимпиаданың ІІ кезеңіне қатыстыру  үшін жоғары оқу орындары базалық жоғары оқу орнына төмендегі құжаттарды жібереді:

1)        Жоғары оқу орныішілік  олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы  ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе жоо Ғылыми кеңесінің  шешімімен  рәсімделген  хаттама.

2)         Қатысу үшін  сұраныс.

3)         Жеке тапсырма- ертегі жазу (3-бетке дейін, 14 шрифт , TimesNewRoman).

 

Олимпиаданың  ІІ  кезеңі студенттердің педагогика және психологиядан теориялық, практикалық білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алу   құзыреттіліктері бойынша жеке және  командалық  жарыс түрінде өткізіледі.

Алдын ала дайындық:  жеке – «Педагогикалық ертегі» ( қатысушылардың ертегілері  жеке электронды тасымалдауышта  ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына  2015жылдың 15-наурызына дейін жіберілуі керек);   командалық – Команда туралы бейнеролик. Команда  және оның құрамы  (команданың аты,эмблема, ұран және қатысушылардың психологиялық-педагогикалық қызығушылықтары) туралы мәліметтер 5-7 минут көлеміндегі роликте  команданың Алматы қаласына келген күні-26 наурызда  ұсынылады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ олимпадасы:

Командаларды және қатысушыларды тіркеу: 26 наурыз 2015 жыл,  -10:00

Ашылуы (  ҚазҰУ қалашығы )- 26 наурыз 2015 жыл, – 11:00.

1-3 турлар – философия  және   саясаттану факультетінің оқу корпусы  –Масанчи 39, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы .

1 тур –  жеке  тестілеу (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Интернет-Орталық) – 26  наурыз,2015ж.;

2 тур – командалық (арт-терапия тренинг өткізу ) – 27  наурыз 2015ж. – 9:00.- 12:30;

3 тур –психологиялық-педагогикалық  жағдаяттарды шешу  ( жеке) – 27  наурыз 2015ж. – 14:00.- 16:00;

Олимпиаданың жабылуы- философия  және   саясаттану факультетінің оқу корпусы  –Масанчи 39, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы .

Олимпиаданың ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы 1, 2, 3  орындарды иеленген ( жеке және командалық)  қатысушылар мен командаларды  анықтайды. Жеңімпаздар

дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өткізілу шарттары:  Олимпиадаға қатысуға 2-3 курс студенттері шақырылады, әр білім  беру мекемесі  құрамы 4 адамнан тұратын бір-екі команда (қ/б және о/б)  және жетекші- оқытушы   жібере алады. Қатысуға сұраныс беру (1 қосымша  )  үлгісі бойынша рәсімделеді.

Олимпиадаға қатысушылардың келуі- 26 наурыз, 2015 жыл

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар  (келу,  қайту, тамақтану, тұрғын үй) жіберуші жақ есебінен төленеді.

Олимпиадаға қатысушылардың барлығы  байқауға  қатысу  құжаты ретінде студенттік билеттерін  өздерімен алып жүруі тиіс.

Қатысуға сұраныс беру (1 қосымша  ) 2015 жылдың 15 наурызына дейін E-mail: sarah-991@inbox.ru электронды тасымалдауышқа жіберілуі керек.

«Педагогикалық ертегі»  көрсетілген мерзімде 2015 жылдың 15 наурызына дейін  E-mail: melmelissa@mail.ru электронды адреске  жіберілуі тиіс.

Олимпиаданың кураторлары: Отарбаева Әсел Болатовна – п.ғ.к.,  жалпы және этникалық педагогика кафедрасының аға оқытушысы  (87011505135); Ертарғынқызы Динара –педагогика ғылымдарының  магистрі,  оқытушы  (87715078717);  ұйымдастыру комитетінің жұм тел.  (727) 292 57 17,  ішкі .2121.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия  және саясаттану  факультетінің оқу корпусы, корпусы  – Масанчи 39, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы,  жалпы және этникалық педагогика кафедрасы  каб. № 408.

E-mail: sarah-991@inbox.ru; gulmira.Kassen@mail.ru; melmelissa@mail.ru

Ақпараттық хат (doc)


Просмотров: 631
14.03.2015, 10:21:00, Әкімшілік Тараулар: Объявления, Студентам