“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМДІКТЕГІ ГЕНДЕРЛІК ҮДЕРІСТІҢ РӨЛІ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

[Дата публикации: 23.02.2015, 09:58:16, жариялауды: Әкімшілік]

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ­КАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ

 

Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығына арналған

«ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМДІКТЕГІ ГЕНДЕРЛІК ҮДЕРІСТІҢ РӨЛІ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

17 наурыз, 2015 жыл

Этносаралық үйлесімдік Қазақстанның барлық әлем қауымы мойындаған бренді. Соны онан әрі сақтау Қазақстанның Мәңгілік ел болуының басты шарттарының бірі. Сондықтан этносаралық үйлесімділікті әртүрлі жағынан зерттеу, оның сақталу негіздерін, жетілу жолдарын іздеу ғылыми-зайырлы қауымның борышы. Осы мақсатта ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің № 1 оқу ғимараты) 2015 жылдың 17 наурыз күні Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМДІКТЕГІ ГЕНДЕРЛІК ҮДЕРІСТІҢ РӨЛІ» (басталуы 17 наурыз сағ. 9.00.) атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Өткізілетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда аталған үлкен тақырыптың аса маңызды бір жағын – этносаралық үйлесімділіктегі гендерлік үдерістің рөлін зерттеу мәселелері қаралады. Гендерлік үдерістерде этностық ерешеліктер, олардың сәйкестіктері, үйлесімділіктері бар. Қазіргі этносаралық үйлесімділік пен гендерлік үдерістердің жаһандану жағдайларындағы тұрақтылық негіздерін, өзгеру тенденцияларын, олардың оң және кері құбылыстарының қоғамдық, саяси-құқықтық және мәдени-рухани үдерістердегі орындарын зереттеу қазіргі қоғамдық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың аса тың және әрқашан да өзекті мәселелерінің қатарына жатады. Оларды талқылау, ғылыми-тәжірибелік маңызын айшықтау конференцияның басты мақсаты.

Секциялар:

№1 СЕКЦИЯ: Этносаралық үйлесімділіктегі гендерлік үдерістердің орнын анықтаудың ғылыми-теориялық және практикалық мәселелері.

№2 СЕКЦИЯ: Этностық және гендерлік үдерістер: сәйкестіктері мен айырмашылықтары.

№3 СЕКЦИЯ: Әртүрлі этностардағы гендерлік үдерістердің ерекшеліктері: дәстүрлілік, жаңашылдық және интерноционалдық жақтары.

№4 СЕКЦИЯ:  Этносаралық үйлесімділіктегі гендерлік үдерістердің ғылыми, тарихи, саяси, құқықтық және мәдени жақтары.

№5 СЕКЦИЯ: Этносаралық үйлесімділік пен гендерлік үдерістерді зерттеудің әлемдік және аймақтық жетістіктері.

№6 СЕКЦИЯ: Билік, гендер және этнос.

Конференция жұмыстарының тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Ұйымдастыру комитетіне баяндамалар материалдары мен өтініштер  2015 жылдың 5 наурызынан кешіктірілмей түсулері керек.

Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарын БАҚ жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы,  индекс 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 111, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапхана ғимараты. Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты.

Тел: 8 (727) 393-66-74, 8 701 178 88 50; 8 701 456 34 50. Электрондық адрес: gender.zhenpu@mail.ru.

Мақала жариалануы – 3000 теңге.

Ақпараттық хат


Просмотров: 530