«Байтұрсынов оқулары–2015» Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы
[Дата публикации: 20.02.2015, 12:16:53, жариялауды: Әкімшілік]
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2015 жылдың 17 сәуірінде «Нұрлы жол» даму бағдарламасы : білім – ғылым– өндіріс» атты «Байтұрсынов оқулары–2015» Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы өткізіледі.
Конференция жұмысының бағыттары:
– Заң ғылымдарының өзекті мәселелері;
– Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуының қазіргі тенденциялары;
– Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру мен ғылымның өзекті мәселелері;
– Ғылым, білім беру және практикада ақпараттық технологиялардың даму жолдары;
– Қазақстанның АӨК инновациялық дамуы: ауылшаруашылық, ветеринарлық және техникалық ғылымдардың даму тенденциялары;
– Жаратылыстану ғылымдарының болашағы мен негізгі даму бағыттары.
Конференция шеңберінде ЖОО ғылым мен білім беру, сонымен бірге Қазақстанның индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын шешуге бағытталған өзекті мәселелер қарастырылады.
Конференция барысында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетел ғалымдарының қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
Конференцияға министрліктер мен ведомстволар, ғылыми мекемелер, кәсіпорындар жетекшілері мен қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, ЖОО профессорлық- оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады.
ҚАТЫСУ ШАРТЫ
Конференцияның басталу мерзіміне дейін ғылыми мақалалар жинағын жариялау жоспарланады. Конференция бағдарламасына ену үшін ұйымдастыру комитетіне қатысушының баяндаманың және тіркеу формасын мемлекеттік және орыс тілінде электронды түрін (e-mail:3i_ksu@mail.ru) 2015 жылғы 10 наурызға дейін жіберу керек. Ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге құрайды.
Информационное письмо.Международная научно-практическая конференция Байтурсыновские чтения
Просмотров: 432