“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Келешек – 2015» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

[Дата публикации: 27.01.2015, 07:37:09, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 2015 жылғы 27 наурызда

«Келешек – 2015» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

 

Конференцияның жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарлануда:

1. Техникалық ғылымдар

2. Экономика ғылымдары

3. Гуманитарлық ғылымдар

4. Жаратылыстану ғылымдары

 

Конференцияның жұмысында пленарлық және секциялық мәжілістерде кеңінен пікірлер, ғылыми өндірістік тәжірибелер алмасу көзделуде.

Конференция материалдары ғылыми жинақта жарияланады.

Конференцияның жұмыс тілі – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілі. Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияның жұмысына қатысу жөнінде тапсырыс пен баяндаманың дискетін 2015 жылғы 16 ақпанға дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Ұйымдастыру комитеті авторлардан баяндаманы әзірлеген кезде мына ережелерді басшылыққа алуын өтінеді: материалдардың көлемі 5 беттен аспауы тиіс, 1,0 интервал арқылы “Word 7.0” редакторында, “Times New Roman” қаріпімен А4 форматында 12-ші шрифтімен басылған, жоғарғы және төменгі жағынан – 3,0 см, сол мен оң жағынан 2,5см бос жер қалдыру керек. Жоғарғы жағынан – «ӘОЖ», бос жерден 2 аралықпен – баяндама атауы бас әріптермен, төменгі бос жерде 2 аралықпен – автордың аты-жөні, ұйымның атауы, үш аралық арқылы баяндаманың мәтіні азат жолдан теріледі. Мақалалар автордың редакциялауымен жарияланады, сондықтан грамматикалық және стилистикалық қателер болмауы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес рәсімделмеген материалдар қаралмайды.

1500 теңге ұйымдастыру жарнасы редакция алқасы тексергеннен кейін төленеді. Мақала жарнасын Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің мына есеп айырсу шотына жіберулеріңізді сұраймыз: РНН 302600211251, ИИК-KZ078560000000046233р/с, БИК-KCJBKZKX, БИН – 010940001389, Кб-17, АО Банк Центр Кредит.

Мақалаларды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: 100600, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1-б, Жезқазған университеті. Ғылым және ЖОО кейінгі білім бөлімі, 305А каб.

Анықтама телефоны:

8-(710-2) -73-48-44 Факс: 8-(710-2) -73-60-15

Е-mail: nauka.zhezu@mail.ru

информ. письмо Келешек


Просмотров: 581