“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Ғылым, білім және тәжірибенің үйлестірілуі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

[Дата публикации: 24.12.2014, 12:33:24, жариялауды: Әкімшілік]

 

         «Халықаралық гуманитарлық-техникалық  университеттің»  құрылуына 15 жыл толуына орай «Ғылым, білім және тәжірибенің үйлестірілуі»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Ел: Қазақстан Республикасы

Қала: Шымкент

Өткізу уақыты:  12-13 ақпан 2015 ж.

Ұйымдастырушы: Халықаралық гуманитарлық – техникалық  университеті

 

 

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1  Құқықтану

2  Экономика ғылымдары

3  Жаратылыстану және педагогика ғылымдары

4  Техника ғылымдары

5  Өнер және спорт

 Конференция жұмысына қатысуға алыс және жақын шетел, Қазақстан Республикасының Ғылыми зерттеу институттары және ЖОО ғалымдары мен профессор оқытушылар құрамы шақырылады.

Конференция: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтіні баспа түрінде және электрондық нұсқалары (2 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (2500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекен-жайда 2015 жылдың 15 қаңтарға дейін қабылданады: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі 80 үй, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, 203 ғылым бөлімі. Конференцияға жауапты: Еркебаева Сапаркүл Өміртайқызы. E-mail: nauka_mgtu@inbox.ru , 8-771-325-44-85

Ақпараттық хат


Просмотров: 551
24.12.2014, 12:33:24, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық