«Тайманов оқулары – 2014» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
[Дата публикации: 30.10.2014, 18:43:16, жариялауды: Әкімшілік]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2014 жылдың 5 желтоқсан айында өтетін «Тайманов оқулары – 2014» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Теориялық және қолданбалы математика, физика, информатика саласындағы қазіргі заманғы мәселелері;
- Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі мен инновациялық- технологияларының өзекті мәселелері.
Конференция мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 20 қараша айына дейін ұйымдастыру комитетінің мекен жайына электронды түрде келесідей құжаттарды жіберуіңіз қажет:
- баяндама мәтіні;
- конференцияға қатысу туралы өтініш (өтініш үлгісі берілген);
- ұйымдастыру жарнасының төленуі жөнінде түбіртек (сканерленген немесе көшерме).
Конференцияға Қазақстандық қатысушылар материалдар жинағына жариялану үшін ұйымдастыру жарнасы 3500 теңге, ТМД елдері үшін 19 АҚШ долларын немесе 720 ресей рублін құрайды.
Қазақстан бойынша ақша аудару үшін банк реквезиттері: ҚР Халық банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалы Оралқаласы, ЖСК KZ176010181000011617, БСН HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16, КНП 861.
ТМД елдерінен ақша аудару үшін банк реквезиттері: ҚР Халық банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалы Оралқаласы, ЖСК KZ386010181000011724, БСН HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16, КНП 861.
Төлем мақсаты: «Бірінші автордың фамилиясы, «Тайманов оқулары – 2014» конференциясына қатысу үшін»
Конференцияға қатысу шығындары қатысушының өз есебінен немесе жолдаған мекеменің есебінен өтеледі.
Конференция материалдарына қойылатын талаптар:
Баяндамалар мәтіні 5 беттен аспауы тиіс, Word 2003-2010 мәтіндік редакторында А4 форматта, KZ Times New Roman (қазақ тілінде), Times New Roman (орыс және ағылшын тілінде) шрифтісінде, жолдар арасы 1,0 интервал, 14 п.т. кегльмен, жоғары және төмен жағынан – 20 мм, сол және оң жағынан – 30 мм бос жер қалдырады.
Баяндаманың бірінші бетінің үстіңгі оң жақ бұрышында ӘОК көрсетілуі тиіс. Төменірек жол ортасында жартылай қалың бас әріптермен жазылған мақаланың атауы, екі бос интервалдан соң автордың аты-жөні мен электрондық поштасы, бір бос интервалдан соң мекеме атауы көрсетіледі. Егер авторлар әртүрлі мекемелерден болса, реттік тәртіппен жақшаға алынған мекеме нөмірі қойылады. үш интервалдан соң азат жолдан басталған баяндаманың негізгі мәтіні қабылданады. Ені бойынша түзеу, ал жаңа жол мөлшері – 1,0 см.
Электрондық нұсқада файлдың атауы: бірінші автордың аты тегі және мақала атауының алғашқы үш сөзінен құралуы тиіс.
Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген немесе талапқа сай келмейтін материалдар жарияланбайды.
Конференцияға қатысу туралы өтініш:
Тегі, аты-жөні (толықтай) | |
Ұйымның аты (толықтай) | |
Қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | |
Мақаланың тақырыбы | |
Секцияның тақырыбы | |
Мекен жайы, телефон, е-mail | |
Жарнасының төленуі жөнінде түбіртек | |
Конференцияға қатысу түрі | |
Қонақ үйден орын брондау қажеттілігі |
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достык-Дружба даңғылы 162, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, физика және математика кафедрасы, 307 каб., e-mail: fiz_mat_307@mail.ru.
Толық ақпаратты алу үшін: Миниус Гулсин Медеуовнаға: жұмыс тел.: 8(7112) 50-94-44, ұялы тел.: +77058111990, Кульжумиева Айман Амангельдиеванаға: ұялы тел.: +77012923275 хабарласуға болады.
Просмотров: 529