“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Қазақстан-2050» стратегиясы – жоғары оқу орындарында педагог кадрларды кәсіби даярлауды қалыптастыру концепциясының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

[Дата публикации: 13.10.2014, 23:27:04, жариялауды: Әкімшілік]

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2014 жылдың 5, 6 қараша күндері өтетін «Қазақстан-2050» стратегиясы – жоғары оқу орындарында педагог кадрларды кәсіби даярлауды қалыптастыру концепциясының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Аталған шара Алаш ардақтылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері  Ж.Аймауытовтың 125 жылдығына, С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың
120 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1-секция: Тіл мен әдебиетті оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан оқыту мен тіл мәдениетін жетілдіру, терминологиялық қорды жаңарту жолдары.

2-секция: Заманауи білім беру талаптарына сай болашақ педагогтарды даярлаудағы кәсіби құзыреттілік: қазіргі жағдайы мен даму болашағы.

         3-секция:  Саясаттану, философия, психология, құқықтану ғылымдарының білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеудегі рөлі.

4-секция: Жаратылыстану пәндерін оқытудың инновациялық технологиялары.

5-секция:   Кәсіби-шығармашылық, спорт салаларында педагог маман дайындаудың әдіснамалық негіздері.

Конференцияның жұмыс тілдері:  қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференция аясында мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (1 данадан),  ұйымдастыру жарнасы (3000 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекенжайда 2014 жылдың 30 қазанына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,

Ұйымдастыру жарнасын жолдау есепшоты:

Конференцияның ұйымдастыру комитетіне жауапты: Арынгазиева Баян Бекмырзақызы – 87013860248; Сыдықов Мұхтар Ерсінбекұлы – 87027607050; Қойшиев Қалдан Елеуович – 87012283343;  Сүгірбаева Гүлжан Даулетбекқызы -87021111511;  Әліпбек Ардақ Зәуірбекқызы – 87773201080; 87012641980.

Анықтама үшін телефон: Әліпбек Ардақ Зәуірбекқызы

Казкоммерциялық банктің жеке карточка номері: 4405 6452 0880 7557

 

Баяндама дайындауға қойылатын талаптар:

Мақала көлемі –  5 бетке дейін, Times New Roman қарпінде терілуі тиіс;

А4 форматында, қаріп өлшемі – 14;

Жоларалық қашықтық – 1;

Азат жол – 1 см.;

Сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм.;

Бет саны көрсетілмейді;

Орыс тіліндегі баяндамалар үшін  түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме келтіріледі.

Баяндама мәтіні мен өтініштің сапалы басылған бір дана (бет нөмірі көрсетілмей) баспа түрі және электронды нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесімен бірге дискіде немесе электрондық поштамен ұсынылады (файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі). Баяндама авторларының саны
3 адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды.

Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады.

 

Өтініш үлгісі:

                                                             Өтініш
1 Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)  
2 Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  
3 Мекемесі, лауазымы  
4 Мекенжайы (индексі көрсетілуі міндетті)  
5 Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)  
6 Баяндаманың тақырыбы  
7 Секцияның атауы  
8. Керекті техникалық құралдар  
9. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ)  

 

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз: Телефон: +7 (7252 21-03-70)    Факс: +7 (7252 21-40-06)  Email:  alipbek_ardak@mail.ru

 

 

 

 


Просмотров: 391
13.10.2014, 23:27:04, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық