“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Қазіргі замандағы жаһандану және интеграция жағдайындағы әлемдік қауымдастық және Қазақстан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

[Дата публикации: 23.10.2014, 00:56:32, жариялауды: Әкімшілік]

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультетінің Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы «Қазіргі замандағы жаһандану және интеграция жағдайындағы әлемдік қауымдастық және Қазақстан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы н өткізеді.

Өткізілу мерзімі: 20-21  қараша 2014 ж., сағ. 10.00.

Өткізілу орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, 3 оқу ғимараты, 4-этаж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих, археология және этнология факультеті Конференц зал.

Конференция аясында мынадай проблемалар талқыланады:

1. Дүние жүзі тарихының мәселелері;

2. Тарихнама және деректану – тарих ғылымының теоретика-методологиялық мәселелері;

3. Отан тарихының өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысу үшін тапсырыстарды, баяндаманың тезистерін  қараша айының 5-жұлдызына дейін келесі мекен-жайға жолдаңыздар: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультеті, Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, 415, 421кабинеттер.

Конференцияға қатысу үшін тапсырыс беру формасы:

Тегі Аты. Әкесінің аты;

Ғылыми дәрежесі, қызметі;

Ел, аймақ, қала;

Ұйым, ЖОО;

Баяндаманың тақырыбы;

Қатысушының телефоны мен E-mail электронды поштасы;

Ұйымдастыру алқасаның байланыс телефондары: – 3773340, ішкі 1284, 1289.  E-mail: Gulzhan.Bedelova@kaznu.kz; Bedelova_g.77@mail.ru;  Беделова Гүлжан.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, неміс, ағылшын.

Мәтінді әзірлеу тәртібі:

Мақаланы жинаққа жариялау 10 қарашаға дейін, келесідей тәртіпті қатаң сақтай отырып, конференцияны ұйымдастыру алқасына өткізулеріңізді сұраймыз: қаріп (шрифт) түрі «Times New Roman» немесе «Times New Roman KZ», 14-ші кегль, бір интервалдық арақашықтықта.  Беттердің параметрлері: жоғары және төменгі алаң–2 см, сол жақ-3 см, және оң жақ 1 см. Автордың аты жөні, баяндаманың атауы бас әріптермен, жартылай толық шрифтпен (жоғары оң жақ бұрышта) жақша ішінде елі мен қаласы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны көрсетіледі. Мәтін ғылыми, стилистикалық және техникалық редакциялануы қажет. Абзац төрт таңбадан соң (табуляция 0,8 см).

Мақаланың көлемі – 6 бетке дейін, мүмкіндігінше мақаланың соңғы беті толық аяқталсын. Қағазға шығарылған баяндама мен электронды тасығыштағы файлда автордың тегі көрсетілсін.

Конференция материалдары арнайы жинаққа шығарылады.

Мерзімнен кешіккен, конференцияның ғылыми деңгейіне, тақырыбына сай келмейтін және көрсетілген талаптарға сәйкессіз мақалаларды қабылдамау ұйымдастыру алқасаның құқығында.


Просмотров: 482
23.10.2014, 00:56:32, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық