«Инновация және білім беру технологиялары» тақырыбында сырттай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
[Дата публикации: 20.10.2014, 19:14:29, жариялауды: Әкімшілік]
«Сырдария» университеті
Сіздерді «Сырдария» университетінде өткізілгелі отырған «Инновация және білім беру технологиялары» тақырыбында сырттай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Халықаралық конференция Жетісай қаласы, «Сырдария» университетінде 2014 жылы 12 қараша күні өтеді.
Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу нәтижелері бар жоғары оқу орындары оқытушы-профессорлар құрамы мен ҒЗИ-тарының қызыметкерлері шақырылады.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:
- гуманитарлық ғылымдар;
- жаратылыстану ғылымдары;
- педагогикалық ғылымдар;
- экономикалық ғылымдар;
- құқықтану.
Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (2 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (2500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі (банк деректемелері төменде көрсетілген) электрондық поштамен немесе төмендегі мекенжайда 2014 жылдың 2-қарашасына дейін қабылданады. Баяндама қазақ, орыс, ағылшын тілінде қабылданады және авторлардың саны 3 адамнан аспауы тиіс.
Конференция материалдары бойынша еңбектер жинағы шығарылады.
Материалдарды жолдайтын мекенжай: 160500, Қазақстан Республикасы, Жетісай қ., М. Әуезов көшесі, 11-үй, «Сырдария» университетінің бас ғимараты 3-қабат, 301-кабинет.
Анықтама телефоны 8/725/ 34 6-15-52
Е- mail: Sirdariya-konf@mail.ru
Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:
- Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14, жаңа жол бойынша шегініс-1,0)
- Жоларалық қашықтық – 1;
- Өріс: сол жағы – 25 мм, қалған жақтары – 20 мм.
- Бет нөмірі көрсетілмейді;
- Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме келтіріледі;
- Баяндама мәтіні мен өтініштің сапалы басылған екі дана (бет нөмірі көрсетілмей) баспа түрі және электронды нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесімен бірге дискте немесе электрондық поштамен ұсынылады (файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі).
- Сілтеме тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөмеріне сай көрсетіледі. [1, 256 – б.].
- Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі.
Өтініш үлгісі:
1 | Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен) | |
2 | Жұмыс орны | |
3 | Қызметі, лауазымы | |
4 | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | |
5 | Баяндаманың тақырыбы | |
6 | Секцияның атауы | |
7 | Мекенжайы (индексі көрсетілуі міндетті) | |
8 | ||
9 | Байланыс телефоны, факс (халықаралық байланыс кодымен) |
Барлық басылым авторлық нұсқада беріледі. Қолжазба қайтарылмайды. Редакция алқасы талапқа сай келмейтін мақалаларды баспадан шығармайтынын ескертеміз.
«Сырдария » университетінің реквизиттері
РНН 580400006905
р/с KZ749260801123056005
ИИН 980340002287
Код 17
БИК: KZKOKZKX
АО «Казкоммерцбанк»
Адрес: Жетісай қ., Әуезов к., 11
Просмотров: 428