“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері» атты II Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

[Дата публикации: 28.10.2014, 22:50:15, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ

27 қараша 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Елбасының қасиетті Ұлытау тауы баурайындағы толғаныстарына арналған

 «Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»

 атты II Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді

Конференцияға келесі секциялар жұмысы жоспарланады:

Секция 1. ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау баурайындағы толғаныстары – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізі
Секция 2. Қазақстандықтардың рухани және мәдени ұзақ мерзімді идеологиялық басымдықтары: стратегиядан жүзеге асыруға дейін
Секция 3. Халықаралық қатынастағы көп полярлы жүйені қалыптастыру – қазіргі әлемнің көп қырлылық бейнесі

 

Конференцияның қатысу тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

 

Осы Конференция жұмысына қатысуға ниет білдірушілерден 2014 ж. 14 қарашаға дейін ұйымдастыру алқасына:

 

ұсынылған үлгі бойынша мәлімдемені;

төменгі талаптарға сай мақала тезистерін рәсімдеу;

төлем туралы түбіртектің көшірмесі.

 

Конференцияға қатысу мен жинаққа басылуды ұйымдастыру жарнасы 2500 теңге (бір баяндама үшін) «БанкЦентрКредит» АҚ Қарағанды филиалындағы ҚарМТУ есеп шотына аудару керек. ИИК KZ638560000000147366, БИК KCJBKZKX, РНН 301700030344, БИН 000240004524.

Төлем тапсырмасында  «Төлемнің тағайындалуы» жолында белгі қою: «27.11.2014 конференцияға қатысу үшін» және қатысушының аты-жөнін көрсету керек.

Конференцияға қатысу үшін мәлімет мына мекен-жай бойынша ұсынылады:

100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56, ҚарМТУ

                   Жауапты  хатшы: Мубаракова Айгерім Құралысқызы

                            (6 корпус, 3 этаж, 307 каб.).

Электрондық адрес (e-mail): niipatriot_kstu@mail.ru

Анықтамалық телефон: (87122) 56-59-28; қосымша (1101); сот: 87009853294

 

Елбасының қасиетті Ұлытау тауы баурайындағы толғаныстарына арналған

«Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»

атты II Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға

мәлімдеме

       1. Баяндамашы(лар) аты-жөні_______________________________________________

2. Ғылыми дәрежесі, атауы_________________________________________________

3. Қызметі, жұмыс орыны__________________________________________________

4. Қызметтік адресі________________________________________________________

5. Байланыс телефоны, факс, e-mail__________________________________________

1; 2; 3 (баяндамашылар үшін)_____________________________________________

6. Секцияның атауы мен саны_______________________________________________

7. Мақаланың атауы________________________________________________________

8. Қатысу түрі (іштей, сырттай)______________________________________________

9. Қонақүйде орын алу______________________________________________________

Қолы                                                                         Күні

Мақаланы рәсімдеудің талаптары

Тезис мәтіні, А4 (210х297 мм), пішіндегі көлемі 3 толық беттен кем емес, суреттер мен кестелерді қоса алғанда, Microsoft word мәтіндік редакторында Times New Roman (Kz Times New Roman, Times/Kaz) терілуі тиіс, көлемі 14, интервал – бірлік, шегі: 2,5 см барлық жағынан, абзацаралық бірлік – 0,8 см. Қолданылған әдебиеттер сілтемесі тік жақшада [1, б. 24] беріледі, сілтемелердің нөмірленуі барлық мәтін бойынша. Толық әдебиеттер тізімі мәтін соңында бір интервалдан кейін қойылады.

Тезис мәтіні бір данадан сапалы баспадағы қағаз бетінде (беттер нөмірленбейді) және электрондық нұсқада немесе электронды поштада ұсынылады. Электронды нұсқада мәлімдемені, баяндама тезисін, төлем туралы құжаттардың көшірмесін жеке файлмен ұсынады. Файлдар атымен бірінші автордың тегін, ЖОО қысқартылған атын және құжат атауын, мысалы: Ахметов ҚазМТУ мәлімдеме, Ахметов ҚазМТУ тезисі, Ахметов ҚазМТУ төлем.

Баяндама авторының саны үш адамнан аспауы керек.

 

 

 


Просмотров: 474