“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

««Қазақстан – 2050» индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың аймақтық мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық ХІV Байқоңыров оқулар

[Дата публикации: 18.09.2014, 22:52:28, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 2014 жылғы 21 қарашада ««Қазақстан – 2050» индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың аймақтық мүмкіндіктері»  тақырыбында халықаралық ХІV Байқоңыров оқуларын өткізеді.

Конференцияның жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарланады:

1.  Академик Ө.А.Байқоңыровтың мәдени мұрасы және Жезқазған-Ұлытау аймағының тау-кен өндірісінің дамуына қосқан үлесі.

2. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістері.

3. Қоғамның инновациялық дамуының экономикалық басқарудағы мәселелері.

Конференцияның  жұмысы пленарлық және секциялық мәжілістерде кеңінен пікірлер, ғылыми және  өндірістік тәжірибелер алмасуды көздейді.

Конференция материалдары арнайы  ғылыми жинақта жарияланады.

Конференцияның  жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференцияға  келуге  және қатысуға байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

2014 жылдың 18 қазанына дейін баяндаманың бір данасын электронды нұсқасымен және тіркеу үлгісін ұйымдастыру  комитетінің  мекен  жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Ұйымдастыру  комитеті авторлардан баяндаманы әзірлеген кезде мына ережелерді басшылыққа алуын өтінеді: материалдардың көлемі  5 беттен аспауы тиіс,  1,0 интервал аралығы «Word 7.0» редакторында, «Times New Roman» әріптермен А4 форматында 14-шрифтімен басылған, жоғары және төменгі жағынан – 3,0см, сол мен оң  жағынан – 2,5см. бос жер қалдыру керек. Жоғарғы жағына  – «ӘОЖ», бос жерден 2 аралық пен баяндама атауы бас әріптермен, төменгі бос  жерде 2 аралық – автордың аты-жөні, ұйымның атауы, 3 аралық арқылы баяндаманың мәтіні азат жолмен теріледі. Мақалалар авторлық редакциялаумен жарияланады. Ұсынылған  материалдарды автор редакциялайды. Грамматикалық және стилистикалық  қателер болмауы тиіс. Көрсетілген мерзімнен  кеш ұсынылған  немесе талаптарға сәйкес рәсімделмеген материалдар қаралмайды.

2000 тенге  ұйымдастыру жарнасын баяндаманы ұйымдастыру комитеті қарағаннан кейін «Конференция жұмысына қатысу үшін» деп атап көрсетіп Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің мына есеп айырысу  шотына жіберулеріңізді сұраймыз: РНН 302600211251, ИИК-KZ078560000000046233 р/с, БИК-KCJBKZKX, БИН – 010940001389, Кб-17, АО Банк Центр Кредит.

Мақалаларды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: 100600, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1-б, Жезқазған университеті, конференцияның ұйымдастыру  комитеті, ауд. 305а. Ғылым және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім бөлімі.

Анықтама телефоны:

8-(710-2) -73-48-44           Факс: 8-(710-2) -73-60-15

Е-mail: nauka.zhezu@mail.ru

 

ТІРКЕУ ҮЛГІСІ

Фамилиясы _________________________________________

Аты _______________________________________________

Әкесінің аты ________________________________________

ЖОО (колледж н/е басқасы)____________________________

Магистрант, докторант (астын сызып қою)

Ғылыми жетекшісі____________________________________

Мекен-жайы ________________________________________

Телефон / факс _______________________________________

Секциясы ___________________________________________

Баяндаманың атауы ___________________________________

_____________________________________________________

Қолы _______________________________


Просмотров: 479