«Қазақстан – 2050 стратегиясы» аясында журналистік білім берудің бүгіні мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы
[Дата публикации: 18.09.2014, 22:26:51, жариялауды: Әкімшілік]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті Сіздерді 2014 жылғы 03 қазанда өткізілетін «Қазақстан – 2050 стратегиясы» аясында журналистік білім берудің бүгіні мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияда келесі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:
1. Алаш баспасөзі мен көсемсөзінің тарихи маңызы және өміршеңдік мәні.
2. Журналистік білім берудің өзекті мәселелері.
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейтін болады.
Конференцияға қатысу шарттары:
Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар шақырылады.
Конференцияға қатысуға тілек білдірушілер 2014 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тиісті секциялар бойынша төменде көрсетілген электрондық мекен-жайларға мыналарды жіберулері тиіс:
– Тиісті талаптарға сай етіп рәсімделген баяндама мәтіні;
– Студент, магистрант, докторанттарға ғылыми жетекшісінің немесе факультет, бөлім, кафедражетекшісінің ғылыми жарияланым туралы рецензия-ұсынысы (сканерленген нұсқасы);
– Конференцияға қатысуға өтініш.
Жоғарыда көрсетілген талаптардың бірі орындалмаған жағдайда материалдар жариялауға қабылданбайды.
Конференцияға қатысу тегін. ISBN берілген жинақ шығару жоспарланып отыр.
Конференцияға қатысуға өтінім
- Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________
- Мәртебесі (студент, магистрант, докторант (мамандық шифры), ғалым, оқытушы)___________________________________________________
- Баяндаманың тақырыбы _______________________________________________
- Секциясы ________________________________________________________
- Кіші секциясы _____________________________________________________
- ЖОО, ұйым ________________________________________________
- Мекен-жайы, телефон, e-mail___________________________________________
- Қатысу түрі: тікелей сырттай
Пленарлық мәжілістегі ауызша баяндама
Секциялық мәжілістегі ауызша баяндама
Тек қана жарияланым
Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Баяндама материалдары автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны мен нәтижелері туралы айқын көрініс беріп тұруы тиіс. Бір тұлға екі реттен артық автор немесе қосавтор болмауы тиіс.
Мәтін Word 97-2003 редакторының №12 қарпімен, бірлік жоларалық арақашықтықпен теріліп, беттің жан-жақ тұстары түзу болып тұруы тиіс. Формулалар Microsoft Equation 3.0 редакторымен терілген болуы қажет. Кестелердің, сызбалардың, суреттердің тақырыптары мен нөмірлері болуы керек. Бет өлшемдері: барлық шеттері – 20 мм. Материалдардың көлемі 3-тен 8 бетке дейін.
Рәсімдеу үлгісі
УДК…….
ОБЩАЯ ЗАДАЧА ОБ ОПРЕДЕЛЕНИИ “ВНУТРЕННИХ СВОЙСТВ” СЕТКИ ДЛЯ ЭФФЕКТИВНОГО ВОССТАНОВЛЕНИЯ(1 отступ) Наурызбаев Нурлан Жумабаевич Научный сотрудник Института теоретической математики и научных вычислений ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, Астана, Казахстан Научный руководитель – Н.Темиргалиев (1 отступ) Текст статьи (1 отступ) Список использованных источников
|
Дәйексөздер мен дерек көздеріне сілтемелер баяндаманың соңында сілтеме жасау ретінде қарай көрсетіледі. Мәтін стилистикалық және рәсімделу жағынан редакцияланған болуы тиіс.
Ұйымдастыру комитетінің конференцияға келіп түскен баяндамаларды іріктеуге құқығы бар.
Жол ақысы, пәтер ақысы, тамақтану ақысы шығындары конференцияға қатысушылардың өз есептерінен өтеледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010010, Астана қаласы, Янушкевич көшесі, 6, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті, 213-214 бөлмелер, №4 ғимарат. Тел.: 8(7172)709-500, (ішкі 35200, 35208).
Электрондық пошта: bekeeva_lk@enu.kz; ljazatbk@yandex.kz «Конференция» деген белгімен.
[/kk]
Просмотров: 540