“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Ғылым, білім және инновация – «Қазақстан – 2050» стратегиясының орындалуының маңызды факторлары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

[Дата публикации: 25.09.2014, 00:04:34, жариялауды: Әкімшілік]

   

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2014 жылдың 24-25 қазан аралығында «Ғылым, білім және инновация  –  «Қазақстан – 2050» стратегиясының орындалуының маңызды факторлары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты – білім мен ғылымның даму стратегиясын әлемдік одақтардың және жаңа ғаламдық өзгерістердің шартында талқылау.

 

Конференция аясында төмендегі шараларды өткізу жоспарланып отыр:

Пленарлық мәжіліс «Ғылым, білім және инновация –  «Қазақстан – 2050» стратегиясының маңызды факторлары»

 

Секциялар:

  1. Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңнамалардың өзекті мәселелері: теориясы және практикасы.
  2. Гуманитарлық ғылымдар: өзекті мәселелері, даму үрдісі, заманауи аспектілері.
  3. Мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім берудің өзекті мәселелері
  4. Қазақстан жолы – 2050: ғылыми қамтымды экономика.
  5. Заманауи жаратылыстану ғылымы: қазіргі күйін талдау және даму перспективалары.

6. Оқу үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялар.

7. Мәдениет және өнер: теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері.

 

Шақырылған қатысушылар:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері;
  • ҚР, ТМД және шет ел жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдары, магистранттары мен докторанттары

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Баяндама мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі 2014 жылдың 14 қазанына дейін.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлап отыр.

Баяндаманы және тіркеу үлгісін рәсімдеу ережелері 1,2,3 қосымшаларда келтірілген.

Ұйымдастыру жарнасы 4000 теңге.  Жарна  «конференция жұмысына қатысу үшін» деген белгімен университет есеп шотына аударылады немесе кассаға төленеді.

І. Жансүгіров атындағы ЖМУ

РНН 531400011685

БИН – 990140003041

ИИК – KZ566010311000005234

КБЕ 16

БИК – HSBKKZKX,

ТРФ 319900 АО «Қазақстан Халық банкі», Талдықорған қ.

Конференцияға қатысуға байланысты шығындар (жол ақысы, үй-жай, тамақ) қатысушылардың өз тарапынан немесе жіберуші жақтан жүзеге асырылады.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187А, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 301 каб., Ғылым және инновациялық технологияларды коммерциализациялау офисі. Телефон: (8-7282) 22-17-79(вн:1172), факс: (8-7282) 22-21-22.

E-mail: zhgu.nauka@gmail.com, zhgu_nauka@mail.ru

Толық ақпаратты https://zhgu.edu.kz/сайтынан көре аласыздар.

 

 

Тіркелу үлгісі 

Т.А.Ә.                                                          __________________________________________

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі      ___________________________________________

Жұмыс орны:                                           _________________________________________

Мекен-жайы:                                           _________________________________________

Телефоны,факс,                                      ___________________________________________

E-maіl:                                                        ___________________________________________

Баяндама тақырыбы                              _________________________________________

Секциясы:                                                  ___________________________________________

Автордың конференцияға келу

мүмкіндігі (бар/жоқ)                                ___________________________________________

Қонақ үйдің

қажеттілігі(…нен…дейін)                       ____________________________________________

 

Материалдарды рәсімдеу ережесі:                                                                             

Баяндама мәтіні (5-7 бет) WORD 6.0 (7.0) мәтіндік редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, аралық интервалы – 1, жол жиегі жоғары және төмен  жағынан – 2,2см, оң және сол жағы 2,0см, азат жол басындағы интервал стандартты (1.25см) жазылуы тиіс.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында баяндаманың тақырыбы бас әріппен майлы бояумен жазылады. Бір жолдан кейін автордың аты-жөні толығымен жазылады. Келесі жолда –ұйым, қала  атауы, автордың электронды поштасы курсивпен жазылады. Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады.

(Әдебиеттерге) Сілтемелер мақала ішінде төртбұрыш жақшалармен цитатадан кейін жазылады.

Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің өзекті жетістіктерімен тәжірибелік маңызы болуы тиіс. Баяндамалар төменде көрсетілген электрондық пошталарға жөнелтілуі тиіс. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасын электронды почта немесе факс арқылы ұсынылады. Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды. 


Просмотров: 574
25.09.2014, 00:04:34, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық