“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Жаһандық бәсекелестік жағдайындағы ұлттық білім беру жүйесі: мәселелері, басымдықтары, даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

[Дата публикации: 09.09.2014, 21:10:20, жариялауды: Әкімшілік]

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университеті 2014 жылы қазанның 30-31-інде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университетінің  «Жаһандық  бәсекелестік  жағдайындағы  ұлттық білім беру жүйесі: мәселелері, басымдықтары, даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1.Жаһандық  бәсекелестік  жағдайында  мамандарды  дайындаудың психологиялық-педагогикалық  аспектілері.

2.  Қазіргі ұлттық білім жүйесі  бәсекелестік ортасындағы оқытудың  интербелсенді әдістері және инновациялық технологиялары.

3.  Біліми  мекемелерде құзіретті-бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың қазіргі жағдайы және болашағы.

4.  Жалпы орта білім беру жүйесін жүйелі жаңартудың  өзекті мәселелері  мен  басымды бағыттары.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Конференцияға қатысу туралы өтініш пен баяндамаларды және материалдарды жариялау үшін 3500 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасын 2014 жылдың 25-қыркүйегіне дейін 1,0 интервал арқылы “Word 2003” редакторында, жоғары және төмен жағынан – 2,0 см., сол жағынан – 2.5 см., оң жағынан – 2,5 см. бос жер қалдырып, жоғарғы сол жағында ӘЖК, екі бос интервалдан соң қою шрифтімен бас әріппен жазылған мақаланың атауы, 2 бос интервалдан соң авторлардың аты-жөні, ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы, мекеме атауы, 1 интервалдан соң азат жолдан басталған баяндама мәтіні “Times New Roman” шрифтісінде 11 п.т. кегльмен басылған мақала түрінде толтырылған тіркеу түрімен бірге А4 форматты қағаздағы және электронды нұсқасын мына мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз (материал көлемі 4 беттен аспауы тиіс): БҚО, 090000, Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Студенттер көш., 4, №7 ғимарат, 212  каб., педагогика факультеті, педагогика және психология кафедрасы, e-mail: kaf.pedagogika_212@mail.ru Толық ақпаратты алу үшін: Сардарова Жаннат Исмагуловна – тел. раб. 8 (7112) 50-53-46; Баюканская Светлана Феликсовна  – ұялы тел. +77051821733; Калаханова Светлана Бахтыбаевна  – ұялы тел. +77774244409; Абугалиева Гульшат Сержановнаға – ұялы  тел. +77752356762 хабарласуға болады. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Тапсырыссыз жіберілген материалдар қаралмайды.  Материалдар баспа және электронды нұсқада тапсырылады (ғылыми мақала, тапсырыс, ақысы төленгендігі туралы түбіртек).

Банк реквезиттері: ҚР БжҒМ РМК  «М.Өтемісов атындағы БҚМУ» ИИК KZ176010181000011617,  БИН 000340002393, БИК HSBKKZKX, ҚР Халық банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы,  КБЕ 16,  КНП 861.

Төлем мақсаты: «Жаһандық  бәсекелестік  жағдайындағы…» атты халықаралық конференциясына қатысу үшін.

Мақалалар авторлық редакциялаумен жарияланады. Конференцияға қатысу шығындары қатысушы жақтың өз есебінен төленеді.

Тіркеу түрі:

1. Тегі, аты-жөні (толығымен)  
2. Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы  
3. Мекеме атауы, бөлімшесі  
4. Мекен-жайы, телефон, е-mail  
5. Мақала атауы  
6. Секция  
7. Техникалық құралдардың кажеттілігі  

Просмотров: 470
09.09.2014, 21:10:20, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық